Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 69 шешімімен бекітілген жалғыз өнім берушіде Еуразиялық экономикалық комиссия орналастыратын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер көрсетудің тізбесі мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мамандандырылған сараптамалық зерттеулер (шолулар) жүргізуі, соның ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстары түрінде.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан | |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Ж. Разаков | А. Оверчук |