2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ЕАЭО СЭҚ ТН 2917 36 000 0 кодымен сыныпталатын терефтал қышқылына және оның тұздарына қатысты кедендік әкелу бажының ставкасы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 2917 36 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне "1с)" ескертпесіне сілтеме "67с)" сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 67С ескертпемен толықтырылсын:
"67с) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 01.01.2020 бастап қоса алғанда 31.12.2021 дейінгі аралықта қолданылады".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан | |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |