2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан позициялар алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар енгізілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 71С ескертпемен толықтырылсын:
"71С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 28 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2020 дейінгі аралықта қолданылады.".
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу бажы ставкаларын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесінде:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 3907 30 000 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"3907 30 000 1 | – – оптикалық талшықтар өндірісі үшін5) |
3907 30 000 9 | – – өзгелері"; |
б) ЕАЭО СЭҚ ТН 3909 50 900 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"3909 50 900 1 | – – – оптикалық талшықтар өндірісі үшін 5) |
3909 50 900 9 | – – – өзгелері". |
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 28 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қос. өл. бірл. |
3907300000 | – эпоксид шайырлары | – |
3909 50 900 0 | – – өзгелері | – |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 28 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қос. өл. бірл. |
3907 30 000 | – эпоксид шайырлары: | |
3907 30 000 1 | – – оптикалық талшықтар өндірісі үшін5) | – |
3907 30 000 9 | – – өзгелері | – |
3909 50 900 | – – өзгелері: | |
3909 50 900 1 | – – – оптикалық талшықтар өндірісі үшін5) | – |
3909 50 900 9 | – – – өзгелері | – |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 28 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не евромен не АҚШ долларымен) |
3907 30 000 1 | – – оптикалық талшықтар өндірісі үшін5) | 471C) |
3907 30 000 9 | – – өзгелері | 4 |
3909 50 900 1 | – – – оптикалық талшықтар өндірісі үшін5) | 6,571С) |
3909 50 900 9 | – – – өзгелері | 6,5 |