Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 219-бабының 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1-қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы "Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолданудың кейбір мәселелері туралы" № 109 шешімінің 2-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) екінші абзац "немесе осы тармақтың үшінші абзацында" деген сөздермен толықтырылсын";
б) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Көрсетілген тізбенің 1-17, 19-22, 24, 28, 29 және 37-тармақтарында көрсетілген және 2019 жылғы 1 наурыздан бастап қоса алғанда 31 қазанға дейінгі аралықтағы кезеңде уақытша әкелудің (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың уақытша болуының және пайдаланылуының шекті мерзімі, егер осы тізбеде өзге мерзім белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлемей, уақытша әкелудің (рұқсат беру) кедендік рәсіміне сәйкес, 18 айды құрайды.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 наурыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан | |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |