2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Сүттің және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламентіне өзгерістер енгізілсін.
2. Ресей Федерациясы Үкіметінен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 69 шешімімен бекітілген Ерікті түрде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Сүттің және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламенті талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ жүргізу) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Сүттің және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның 170-тармағына сәйкес мемлекетаралық стандартты әзірлеуді жеделдету сұралсын.
3. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Э. Асрандиев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 62 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағының "Сүттің және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламентіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 61-тармақтың "в" тармақшасындағы ауыстырылатын сөздер қазақ тілінде өзгеріссіз қалдырылсын.
2. № 1 кестедегі № 1 қосымшада:
а) атауындағы "Ішетін сүт" деген сөздерден кейін ", қайта қалпына келтірілген сүт" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 1-графадағы позиция "қайта қалпына келтірілген сүт" деген сөздермен толықтырылсын:
3. № 3 қосымшада:
а) 1-графаданың бірінші позициясындағы ауыстырылатын сөздер қазақ тілінде өзгеріссіз қалдырылсын.
б) бірінші позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Қайта қалпына келтірілген сүт | мөлдір емес сұйықтық | сұйық біртекті тұтқыр емес | аздап қайнаған дәмі бар сүтке тән. Тәтті дәмі бар. Дәмі мен иісі қанықты болуы мүмкін | ақ түсті, майсыз сүт үшін - байыту үшін пайдаланылатын компоненттің түсіне қарай көкшіл реңкті болуы, зарасыздандыр-ылған сүт үшін, байытылған сүт үшін – байыту үшін пайдаланылатын компоненттің түсіне қарай жеңіл ашық реңкті болуы мүмкін". |
4. І-бөлімдегі № 8 қосымша:
а) атауындағы қазақ тіліндегі сөздер өзгеріссіз қалдырылсын;
б) 1 және 2-тармақтағы "Ішетін сүт" деген сөздер "Ішетін сүт, қайта қалпына келтірілген сүт" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 1-кестедегі № 1 қосымша:
а) атауындағы "Ішетін сүт" деген сөздер "Ішетін сүт, қайта қалпына келтірілген сүт" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) мәтін бойынша "сүт" деген сөз "ішетін сүт, қайта қалпына келтірілген сүт" деген сөздермен ауыстырылсын.