2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" 2012 жылғы 20 шілдедегі № 57 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 2-тармақтағы "2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 4-баптың 1-тармағын қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
б) көрсетілген Шешіммен қабылданған "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 028/2012) 2-бабының жетінші және сегізінші абзацтары, 4-бабының 1, 2-тармақтары және 3-тармағының алтыншы абзацы алып тасталсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан | |||
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | А. Новиков | А. Оверчук |