Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 57 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 123 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" 2012 жылғы 20 шілдедегі № 57 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 2-тармақтағы "2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 4-баптың 1-тармағын қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      б) көрсетілген Шешіммен қабылданған "Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 028/2012) 2-бабының жетінші және сегізінші абзацтары, 4-бабының 1, 2-тармақтары және 3-тармағының алтыншы абзацы алып тасталсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

А. Новиков

А. Оверчук




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады