2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 59-бабының 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 55-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 157 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы мен кедендік аумағындағы карантинге жатқызылған өнімге және карантинге жатқызылған объектілерге қойылатын бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-кестенің 2, 3, 5 және 6-тармақтарындағы екінші бағандағы "4404 10 000 0-ден" деген сөздер "4404 10 000-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан |
Ресей | |||
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | А. Новиков | А. Оверчук |