Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы мен кедендік аумағындағы карантинге жатқызылған өнімге және карантинге жатқызылған объектілерге қойылатын бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 125 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 59-бабының 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 55-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 157 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы мен кедендік аумағындағы карантинге жатқызылған өнімге және карантинге жатқызылған объектілерге қойылатын бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға мынадай өзгерістер енгізілсін:

      6-кестенің 2, 3, 5 және 6-тармақтарындағы екінші бағандағы "4404 10 000 0-ден" деген сөздер "4404 10 000-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

А. Новиков

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады