Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 92-тармағына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуі кезеңінде медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныш құралдарының жетіспеушілігінің сыни деңгейінің туындауына жол бермеу, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жедел ден қоюды талап ететін ерекше жағдайға байланысты:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 наурыздағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 41 шешімі осы Өкім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 2 күн өткен соң күшіне енеді деп белгіленсін.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Э.Асрандиев А.Оверчук