Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 18 тапсырмасын орындау нәтижелері туралы баяндамасының нәтижелері бойынша Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ органдарының болаттың трансшекаралық нарығындағы қатынастарын реттеудегі рөлін атап өтіп, шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу белгілерін жоюға және трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдар жасау туралы ұсынысына сәйкес әзірленген, "Новолипецк металлургия комбинаты" жария акционерлік қоғамының және "ВИЗ-Сталь" жауапкершілігі шектеулі қоғамының сауда-өткізу саясатын іске асыруы туралы ақпараты, № 22-АС-01 трансшекаралық нарықта бәсекелестік ережелерін бұзу туралы іс бойынша бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу белгілерін жою туралы мәселені реттелді деп тани отырып, назарға алынсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы алдағы отырыста № 22-АС-01 трансшекаралық нарықта бәсекелестік қағидаларын бұзу туралы істі қарауды тоқтату және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 130 "№ 22-АС-01 трансшекаралық нарықта бәсекелестік қағидаларын бұзу туралы іс бойынша 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 76-бабын бұзу фактісін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды және құқықтық салдарларға әкеп соқпайтын деп тану туралы мәселені қарасын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |