2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) тиімді іске асыруды, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының ережелеріне сәйкес тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақтың шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін тең жағдайлар жасау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласындағы Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерді іске асыру туралы ақпаратын назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) осы мүше мемлекеттердің аумақтарында осындай таңбаланбаған тауарлардың айналымына тыйым салуды енгізудің болжамды күніне дейін 9 айдан кешіктірілмей тауарлардың жекелеген топтарына қатысты сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды өз аумақтарында енгізу ниеті туралы хабарлама жіберсін.
2. Тауарлардың жекелеген топтарына қатысты сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізудің қалыптасқан практикасын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Кеңесі:
егер Комиссия Кеңесі Келісімнің 5-бабының 1-тармағында көзделген тауарларды таңбалауды енгізу туралы шешім қабылдамаса, тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізген кезде біріздендірілген тәсілдерді қамтамасыз ететін таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдық моделін (бұдан әрі – базалық модель) айқындасын;
тауарлардың жаңа топтарына қатысты таңбалауды енгізу туралы мәселені қарау кезінде қажет болған жағдайда тауарлардың белгілі бір топтарына қатысты таңбалауды енгізуге қатысты ерекше айырмашылықтарды нақтылай отырып, базалық модельді пайдалансын.
3. Келісімнің 7-бабының 3-тармағына сәйкес өз аумақтарында таңбалауды енгізу кезінде мүше мемлекеттерге Одақтың нарығында ұлттық таңбалау жүйелерінің әртүрлі стандарттарымен байланысты кедергілердің туындауына жол бермеу мақсатында базалық модельді қолдану ұсынылсын.
4. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен:
таңбалауға жататын тауарларға қатысты қолданылатын өзге де бақылау жүйелері болған кезде шаруашылық жүргізуші субъектілерге артық жүктеме түсіруді болғызбау үшін таңбалау жүйесі және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты басқа да бақылау жүйелері қоятын талаптарды оңтайландыру қажеттілігіне сүйену;
тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласында Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің іске асырылу барысына бақылауды күшейту сұралсын.
5. Комиссия Алқасы:
тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласындағы Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілер ережелерінің іске асырылуына мониторингті және оларды келісіліп орындау мақсатында мүше мемлекеттердің қызметін үйлестіруді жүзеге асырсын;
2020 жылғы IV тоқсанда Комиссия Кеңесін базалық модельді әзірлеу барысы туралы және тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласындағы Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің орындалуы туралы хабардар етсін.
6. Осы Өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |