2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің іске асырылу барысы және Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесін одан әрі дамыту туралы

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 11 Өкімі

      2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) тиімді іске асыруды, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының ережелеріне сәйкес тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақтың шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін тең жағдайлар жасау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласындағы Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерді іске асыру туралы ақпаратын назарға ала отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) осы мүше мемлекеттердің аумақтарында осындай таңбаланбаған тауарлардың айналымына тыйым салуды енгізудің болжамды күніне дейін 9 айдан кешіктірілмей тауарлардың жекелеген топтарына қатысты сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды өз аумақтарында енгізу ниеті туралы хабарлама жіберсін.

      2. Тауарлардың жекелеген топтарына қатысты сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізудің қалыптасқан практикасын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Кеңесі:

      егер Комиссия Кеңесі Келісімнің 5-бабының 1-тармағында көзделген тауарларды таңбалауды енгізу туралы шешім қабылдамаса, тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізген кезде біріздендірілген тәсілдерді қамтамасыз ететін таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдық моделін (бұдан әрі – базалық модель) айқындасын;

      тауарлардың жаңа топтарына қатысты таңбалауды енгізу туралы мәселені қарау кезінде қажет болған жағдайда тауарлардың белгілі бір топтарына қатысты таңбалауды енгізуге қатысты ерекше айырмашылықтарды нақтылай отырып, базалық модельді пайдалансын.

      3. Келісімнің 7-бабының 3-тармағына сәйкес өз аумақтарында таңбалауды енгізу кезінде мүше мемлекеттерге Одақтың нарығында ұлттық таңбалау жүйелерінің әртүрлі стандарттарымен байланысты кедергілердің туындауына жол бермеу мақсатында базалық модельді қолдану ұсынылсын.

      4. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен:

      таңбалауға жататын тауарларға қатысты қолданылатын өзге де бақылау жүйелері болған кезде шаруашылық жүргізуші субъектілерге артық жүктеме түсіруді болғызбау үшін таңбалау жүйесі және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты басқа да бақылау жүйелері қоятын талаптарды оңтайландыру қажеттілігіне сүйену;

      тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласында Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің іске асырылу барысына бақылауды күшейту сұралсын.

      5. Комиссия Алқасы:

      тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласындағы Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілер ережелерінің іске асырылуына мониторингті және оларды келісіліп орындау мақсатында мүше мемлекеттердің қызметін үйлестіруді жүзеге асырсын;

      2020 жылғы IV тоқсанда Комиссия Кеңесін базалық модельді әзірлеу барысы туралы және тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласындағы Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің орындалуы туралы хабардар етсін.

      6. Осы Өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


О ходе реализации Соглашения о маркировке товаров средствами идентификации в Евразийском экономическом союзе от 2 февраля 2018 года и дальнейшем развитии системы маркировки товаров средствами идентификации в Евразийском экономическом союзе

Распоряжение Евразийского Межправительственного Совета от 17 июля 2020 года № 11.

      В целях обеспечения эффективной реализации Соглашения о маркировке товаров средствами идентификации в Евразийском экономическом союзе от 2 февраля 2018 года (далее – Соглашение), свободного передвижения товаров в соответствии с положениями статьи 28 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и создания равных условий для хозяйствующих субъектов Евразийского экономического союза, приняв к сведению информацию Евразийской экономической комиссии о реализации международных договоров и актов, составляющих право Евразийского экономического союза, в сфере маркировки товаров средствами идентификации:

      1. Государствам – членам Евразийского экономического союза (далее соответственно – государства-члены, Союз) направлять уведомление о намерении ввести на своих территориях маркировку средствами идентификации в отношении отдельных групп товаров не позднее чем за 9 месяцев до предполагаемой даты введения запрета на оборот таких немаркированных товаров на территориях этих государств-членов.

      2. Совету Евразийской экономической комиссии (далее – Комиссия) с учетом сложившейся практики введения маркировки средствами идентификации в отношении отдельных групп товаров:

      определить базовую технологическую организационную модель системы маркировки (далее – базовая модель), обеспечивающую унифицированные подходы при введении маркировки товаров средствами идентификации, в том числе в случае, если Советом Комиссии не принято решение о введении маркировки товаров, предусмотренное пунктом 1 статьи 5 Соглашения;

      при рассмотрении вопроса о введении маркировки в отношении новых групп товаров использовать базовую модель, при необходимости с уточнением специфических особенностей, касающихся введения маркировки в отношении определенных групп товаров.

      3. Рекомендовать государствам-членам при введении маркировки на своих территориях в соответствии с пунктом 3 статьи 7 Соглашения применять базовую модель в целях недопущения возникновения барьеров на рынке Союза, связанных с различными стандартами национальных систем маркировки.

      4. Просить правительства государств-членов:

      во избежание излишней нагрузки на хозяйствующие субъекты при наличии иных систем контроля, действующих в отношении товаров, подлежащих маркировке, исходить из необходимости оптимизации требований, предъявляемых системой маркировки и другими системами контроля в отношении хозяйствующих субъектов;

      усилить контроль за ходом реализации международных договоров и актов, составляющих право Союза, в сфере маркировки товаров средствами идентификации.

      5. Коллегии Комиссии:

      осуществлять мониторинг реализации положений международных договоров и актов, составляющих право Союза, в сфере маркировки товаров средствами идентификации и координацию деятельности государств-членов в целях их согласованного выполнения;

      проинформировать в IV квартале 2020 г. Совет Комиссии о ходе разработки базовой модели и об исполнении международных договоров и актов, составляющих право Союза, в сфере маркировки товаров средствами идентификации.

      6. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Союза.

     

      Члены Евразийского межправительственного совета:

От Республики Армения От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской Республики От Российской Федерации