2019 жылғы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу туралы

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2020 жылғы 9 қазандағы № 20 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағы 4-тармақшасының және Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) 54-тармағының негізінде және Еуразиялық экономикалық комиссияның 2019 жылғы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу туралы ақпаратын назарға ала отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманы (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) іске асыру мониторингі бойынша жұмысты жалғастырсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз Республикасынан
 

Ресей Федерациясынан
 
 


О зачислении и распределении сумм ввозных таможенных пошлин между бюджетами государств - членов Евразийского экономического союза в 2019 году

Распоряжение Евразийского Межправительственного Совета от 9 октября 2020 года № 20.

      На основании подпункта 4 пункта 43 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и пункта 54 Протокола о порядке зачисления и распределения сумм ввозных таможенных пошлин (иных пошлин, налогов и сборов, имеющих эквивалентное действие), их перечисления в доход бюджетов государств-членов (приложение № 5 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и приняв к сведению информацию Евразийской экономической комиссии о зачислении и распределении сумм ввозных таможенных пошлин между бюджетами государств - членов Евразийского экономического союза в 2019 году:

      1. Коллегии Евразийской экономической комиссии продолжить работу по мониторингу реализации Протокола о порядке зачисления и распределения сумм ввозных таможенных пошлин (иных пошлин, налогов и сборов, имеющих эквивалентное действие), их перечисления в доход бюджетов государств-членов (приложение № 5 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года).

      2. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза.

      Члены Евразийского межправительственного совета:

От Республики Армения

От Республики Беларусь

От Республики Казахстан

От Кыргызской Республики

От Российской Федерации