Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оған қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы Ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 6 шешімімен бекітілген Кедендік декларация беру Кеден одағының "Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімнің тізбесіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 23 қарашадағы № 151 шешіміне ҚОСЫМША |
Кедендік декларация беру Кеден одағының "Машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімнің тізбесіне енгізілетін өзгерістер
1. 3-тармақтағы "8479 89 970 8-ден" деген сөздер "8479 89 970 7-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 9-тармақтағы "8428 90 900 0-ден" деген сөздер "8428 90 800 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 11-тармақтағы "8428 90 900 0-ден" деген сөздер "8428 90 800 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 23-тармақта:
"7419 99-дан" деген сөздер "7419 80 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
"8108 90 900 9-дан" деген сөздер "8108 90 900 8-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
"8419 39 000 9-дан" деген сөздер "8419 39 000 8-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
"8479 89 970 8-ден" деген сөздер "8479 89 970 7-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
"8514 10 800 0-ден" деген сөздер "8514 19 900 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
"8514 30 000 0-ден" деген сөздер "8514 39 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 28-тармақтағы ЕАЭО СЭҚ ТН "8421 39 600 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8421 39 610 0" кодымен ауыстырылсын.
6. 30-тармақтағы "8419 32 000 0-ден" деген сөздер "8419 35 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 32-тармақта:
"8419 39 000 9-дан" деген сөздер "8419 39 000 8-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
"8514 10 800 0-ден" деген сөздер "8514 19 900 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;
"8514 30 000 0-ден" деген сөздер "8514 39 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 40-тармақтағы "8701 20 10-нан" деген сөздер "8701 21 10-нан 8701 22 10-нан 8701 23 10-нан 8701 24 10-нан 8701 29 10-нан" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 47-тармақта:
ЕАЭО СЭҚ ТН "8704 22 910 1" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8704 22 920 1" кодымен ауыстырылсын;
ЕАЭО СЭҚ ТН "8704 22 990 1" және "8704 32 990 1" кодтары алып тасталсын;
"8704 23 910 8-ден" деген сөздер "8704 23 920 9-дан" деген сөздермен ауыстырылсын;
ЕАЭО СЭҚ ТН "8704 32 910 1" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8704 32 920 1" кодымен ауыстырылсын;
2-бағанда ЕАЭО СЭҚ ТН "8704 42 910 1-ден 8704 43 910 3 8704 52 910 1" кодтарымен толықтырылсын.
10. 2-бағандағы 48-тармақ "8428 70 000-ден" деген сөздермен толықтырылсын.
11. 54-тармақтағы "8479 89 970 8-ден" деген сөздер "8479 89 970 7-ден" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. 2-бағандағы 62-тармақ "8485-тен" деген сөздермен толықтырылсын.