Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 Шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оған қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 13 мамырдағы "Кедендік декларацияны беру оған қатысты Кеден одағының "Жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 028/2012) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімдердің (бұйымдардың) тізбесін бекіту туралы" № 70 Шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 178 Шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 13 мамырдағы № 70 Шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауындағы және 1-тармақтағы "сәйкестікті бағалау (растау)" деген сөздер "сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Кедендік декларацияны беру оған қатысты көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағының "Жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 028/2012) талаптарына сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімнің (бұйымдардың) тізбесінде:
а) атауындағы "сәйкестікті бағалау (растау)" деген сөздер "сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 2-графаның атауындағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 3-графаның атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Сәйкестікті бағалау туралы құжат";
г) 5-позициядағы КО СЭҚ ТН "3603 00" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "3603" кодымен ауыстырылсын;
д) ескертулерде:
1-тармақтағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертулердің 2-тармағындағы "сәйкестікті бағалау (растау)" деген сөздер "сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен ауыстырылсын.