Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оларға қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 191 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 наурыздағы "Оларға қатысты кедендік декларация беру Кеден одағының "Жиһаз өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 025/2012) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжат берумен сүйемелденетін өнімдер тізбесін бекіту туралы" № 44 шешімінде:
а) атауы және 1-тармақ "сәйкестікті бағалау туралы құжат" деген сөздерден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен толықтырылсын;
б) аталған Шешіммен бекітілген оларға қатысты кедендік декларация беру Кеден одағының "Жиһаз өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 025/2012) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжат берумен сүйемелденетін өнімдер тізбесінде:
атауы "сәйкестікті бағалау туралы құжат" деген сөздерден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-графада мәтін бойынша ЕАЭО СЭҚ ТН "9401 30 000" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9401 30 000 0 9401 39 000 0" кодтарымен, ЕАЭО СЭҚ ТН "9401 40 000 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9401 41 000 0 9401 49 000 0" кодтарымен ауыстырылсын;
3-графаның атауы "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен толықтырылсын;
ескертпелердің 2-тармағы "сәйкестікті бағалау туралы құжат" сөздерінен кейін "сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 15 қаңтардағы "Оларға қатысты кедендік декларация беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжат берумен сүйемелденетін өнімдер тізбесін бекіту туралы" № 3 шешімінде:
а) атауы және 1-тармақ "сәйкестікті бағалау туралы құжат" деген сөздерден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен толықтырылсын;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген оларға қатысты кедендік декларация беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжат берумен сүйемелденетін өнімдер тізбесінде:
атауы "сәйкестікті бағалау туралы құжат" деген сөздерден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-графада ЕАЭО СЭҚ ТН "9508 90 000 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9508 21 000 0 9508 22 000 0 9508 23 000 0 9508 24 000 0 9508 25 000 0 9508 26 000 0 9508 29 000 0 9508 30 000 0 9508 40 000 0" кодтарымен ауыстырылсын;
3-графаның атауы "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)" деген сөздермен толықтырылсын.