Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің ІІ бөліміне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 109 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің ІІ бөлімінің "2828-ден", "2829-дан" позицияларының 28-бөлімінде кестеде, 6-тармақта "ветеринарияда қолданылатындардан басқа" деген сөздерден кейін ", ауыл шаруашылығында" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
М.Григорян

Беларусь
Республикасынан
И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә.Смайылов

Қырғыз Республикасынан
А.Кожошев

Ресей Федерациясынан
А.Оверчук


О внесении изменения в раздел II Единого перечня продукции (товаров), подлежащей государственному санитарно-эпидемиологическому надзору (контролю) на таможенной границе и таможенной территории Евразийского экономического союза

Решение Совета Евразийской экономической комиссии от 29 октября 2021 года № 109

      В соответствии с пунктом 1 статьи 57 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и пунктом 44 приложения № 1 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Совет Евразийской экономической комиссии решил:

      1. Пункт 6, в таблице в разделе 28 позиции "Из 2828", "Из 2829" раздела II Единого перечня продукции (товаров), подлежащей государственному санитарно-эпидемиологическому надзору (контролю) на таможенной границе и таможенной территории Евразийского экономического союза, утвержденного Решением Комиссии Таможенного союза от 28 мая 2010 г. № 299, после слов "кроме применяемых в ветеринарии" дополнить словами ", сельском хозяйстве".

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

Члены Совета Евразийской экономической комиссии:
От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации
М. Григорян И. Петришенко А. Смаилов А. Кожошев А. Оверчук