2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 7-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі-мүше мемлекеттер) осы шешімге сәйкес өз аумағында ұапталған суды (бұдан әрі – тауарлар) сәйкестендіру құралдарымен таңбалаудың (бұдан әрі – таңбалау) енгізілген күнін және тәртібін дербес айқындайды және осындай күнге дейін 6 айдан кешіктірмей бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) хабарлайды. Бұл ретте таңбаланбаған тауарларды айналымға енгізуге тыйым салуды осы Шешіммен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесінде
(бұдан әрі – тізбе) белгіленген мерзімдерден бұрын енгізуге болмайды.
2. Мыналар:
таңбалауға тізбеге енгізілген тауарлар жатады;
тауарларды таңбалау тауарлардың тұтынушылық (оның ішінде тығындау құралына) және (немесе) топтық орамасына жазылатын және осы шешіммен бекітілген сипаттамаларға сәйкес келетін сәйкестендіру құралдарымен жүзеге асырылады;
тізбеге енгізілген тауарлардың қалдықтарын таңбалау жүзеге асырылмайды, таңбаланбаған тауарлардың айналымда болу мерзімдері мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалады;
мүше мемлекеттер тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйелерінің ұлттық компоненттерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйелерінің ұлттық компоненттерінің ұлттық операторларын (әкімшілерін) айқындайды;
мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 19 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдастырушылық моделінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;
мүше мемлекеттер осы шешімге сәйкес өз аумағында таңбалауды енгізу кезінде Комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 41 шешіміне сәйкес сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғауды қамтамасыз етеді деп белгіленсін.
3. Қоса беріліп отырған:
сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі;
тауарларды сәйкестендіру құралының сипаттамалары, тауарларды сәйкестендіру құралдарындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар, осындай сәйкестендіру құралын генерациялау және енгізу тәртібі;
мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына қойылатын талаптар, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдері;
тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде қамтылған, тұтынушыларға және өзге де (заңды және жеке) мүдделі тұлғаларға қолжетімділік берілетін, оның ішінде тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық құрамдауыштары мен интеграциялық құрамдауышы құрамындағы ақпараттық сервистер арқылы таңбаланған тауар туралы мәліметтердің ең аз құрамы бекітілсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 113 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарладың ТІЗБЕСІ*
ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды | Тауардың атауы | Таңбаланбаған тауарларды айналымға енгізуге тыйым салуды енгізу мерзімі |
2201 10 110 0 | Газдалған және газдалмаған табиғи минералды ауыз су | 2021 ж. 1 желтоқсан |
2201 10 900 0 | Газдалған және газдалмаған өзге де минералды ауыз су | 2022 ж. 1 наурыз |
2201 90 000 0 | Газдалған және газдалмаған өзге де ауыз су | 2022 ж. 1 наурыз |
* Тізбеге Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптары қолданылатын тауарлар енгізілген.
Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын және ЕАЭО ТР 044/2017 II бөлімінде белгіленген түсініктерді басшылыққа алу қажет.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 113 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Тауарларды сәйкестендіру құралының сипаттамалары, тауарларды сәйкестендіру құралдарындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар, осындай сәйкестендіру құралын жасау және енгізу тәртібі
1. Осы құжат 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы Келісімнің 5-бабы 1-тармағының "а" тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2201 тауар позициясында сыныпталатын тауарлардың тұтынушылық және топтық орамасын таңбалау үшін сәйкестендіру құралы – ИСО/МЭК 16022:2006 "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиялары. Data Matrix штрих кодының символикасының ерекшелігі" (ISO/IEC 16022: 2006 "Information technology – Automatic identification and data capture techniques - Data Matrix bar code symbology specification") немесе оған ұқсас Одаққа мүше мемлекеттің ұлттық стандарты пайдаланылады. Таңбалау кодын сәйкестендіру құралына түрлендіру кезінде FNC1 белгісін GS1 қолдану сәйкестендіргіштерінің (AI) үлгілік форматына деректердің сәйкестік белгісі ретінде пайдалана отырып, ЕСС 200 символикасы қолданылуы тиіс.
Сәйкестендіру құралы мынадай деректерді қамтиды:
бірінші топ AI = '01' қолдану идентификаторымен сәйкестендіріледі, 14 цифрдан тұрады және тауардың кодын қамтиды (сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (GTIN));
екінші топ AI = '02' қолдану идентификаторымен анықталады, 6 немесе 13 таңбадан тұрады (цифрлар, латын алфавитінің кіші және үлкен әріптері, сондай-ақ арнайы таңбалар (!"%&'*+-./_,:;=<>?). Бұл топ тауар орамасының жеке сериялық нөмірін қамтиды, бірінші символ ретінде осы код шығарылған елдің сәйкестендіргіші көрсетіледі (1 – Армения Республикасы, 2 – Беларусь Республикасы, 3 – Қазақстан Республикасы, 4 – Қырғыз Республикасы, 5 – Ресей Федерациясы) және осы топ ASCII 29 бөлгіш-символымен аяқталады;
үшінші топ AI = '03' қолдану идентификаторымен сәйкестендіріледі,
таңбадан (цифрлар, латын әліпбиінің кіші және үлкен әріптері, сондай-ақ арнайы таңбалар) тұрады және тексеру кодын қамтиды. Пайдалану Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасымен және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау кезінде криптографиялық қорғаудың бірыңғай тетіктері туралы" шешімімен айқындалады.
3. Тауарларды сәйкестендіру құралдарын Одаққа мүше мемлекеттердің сәйкестендіру құралдарының эмитенттері немесе тауарлар айналымына қатысушылар қалыптастырады.
4. Тауарлар сәйкестендіру құралдарын тұтыну қаптамасына (оның ішінде тығындау құралына) немесе затбелгіге немесе тұтыну қаптамасына орналастырылған стикерге салу жолымен, сондай-ақ қажет болған кезде сәйкестендіру құралының бүлінбестен бөлінуіне жол бермейтін әдіспен стикер түріндегі топтық қаптамаға таңбаланады. Сәйкестендіру құралы тұтынушы қаптамасының бөлшектеріне зақым келтірместен құрылымдық жағынан бөлінбейтін етіп салынбайды.
5. Таңбаланған тауарларды көліктік қаптамаға жинақтау кезінде осындай көліктік қаптамаға осындай қаптамаға орналастырылған тауарларды сәйкестендіру құралдарын агрегациялай отырып, көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды бар көліктік қаптаманы сәйкестендіру құралы салынуы мүмкін.
Көліктік қаптаманы сәйкестендіру құралын қалыптастыру және көліктік қаптаманы таңбалау GS1 халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Көліктік қаптаманы таңбалау кезінде көліктік қаптамаға салынатын міндетті емес ақпараттық өрістердің құрамын тауарларды көліктік қаптамаға жинақтауды жүзеге асыратын тауарлар айналымына қатысушы айқындайды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 113 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамына және құрылымына қойылатын талаптар, сондай-ақ осындай мәліметтерді беру мерзімдері
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2201 тауар позициясында сыныпталатын таңбаланған тауарлармен трансшекаралық сауданы жүзеге асыру кезінде тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық құрамдауыштары операторларының (әкімшілерінің) арасындағы ақпараттық өзара іс - қимылды іске асыру шеңберінде мынадай стандарттарға сәйкес осындай тауарлар және оларды сәйкестендіру құралдары (бұдан әрі-мәліметтер) туралы мәліметтер XML-форматта беріледі:
"Extensible Markup Language (XML) 1.0 (Fifth Edition)" ("Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде келесі мекенжай бойынша жарияланған http://www.w3.org/TR/REC-xml);
"Namespaces in XML" ("Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде мына мекенжай бойынша жарияланған http://www.w3.org/TR/REC-xml-names);
"XML Schema Part 1: Structures" және "XML Schema Part 2: Datatypes" ("Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде мына мекенжайлар бойынша жарияланған http://www.w3.org/TRyxmlschema-l/ және http://www.w3.org/TR/xmlschema-2/).
2. Мәліметтердің құрамы мен құрылымына қойылатын жалпы талаптар 1-6 кестелерде келтірілген.
3. Кестеде мынадай жолдар (бағандар) қалыптастырылады:
"элемент атауы" – реттік нөмірі, сәйкестендіргіші және элементтің орныққан немесе ресми ауызша белгіленуі;
"элемент сипаттамасы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"ескертпе" – элементтің мақсатын нақтылайтын, оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің сөздік сипаттамасы;
"көпт." – элементтердің көптігі (міндеттілік (опционалдылық) және элементтің ықтимал қайталануының саны).
4. Берілетін деректер элементтерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:
1 – элемент міндетті, қайталауға жол берілмейді;
n – элемент міндетті, n рет қайталануы керек (n > 1);
1..* – элемент міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;
n..* элемент міндетті, кемінде N рет қайталануы тиіс (n > 1);
n..m – элемент міндетті, кемінде n рет және m реттен көп емес қайталануы тиіс (n > 1, m > n);
0..1 – элемент опционды, қайталауға жол берілмейді;
0..* – элемент опциональды, шектеусіз қайталануы мүмкін;
0..m – элемент опциональды, m-ден көп емес (m > 1) қайталануы мүмкін.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 113 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде қамтылған, тұтынушыларға және өзге де (заңды және жеке) мүдделі тұлғаларға қолжетімділік берілетін таңбаланған тауар туралы, оның ішінде тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық құрамдастары мен интеграциялық құрамдасы құрамындағы ақпараттық сервистер арқылы мәліметтердің ең аз құрамы
1. Сауда бірлігінің жаһандық нөмірі (Global Trade Item Number (GTIN)).
2. Тауар бірлігінің жеке сериялық нөмірі (SN).
3. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды (10 белгі).
4. Тауардың атауы.
5. Тауар туралы мәліметтер:
Өнім түрі;
Балалар тағамы өнімінің белгісі;
Көлемі;
Негізгі құрамы;
Жалпы минералдану;
Газдау әдісі;
Тауар белгісі (сауда маркасы) (бар болса);
Орама түрі;
Орама материалы;
Топтық қаптамадағы тұтыну қаптамаларының саны (топтық қаптамалар үшін);
Жарамдылық мерзімі;
Географиялық көрсетуге немесе тауар шығарылған жердің атауына айрықша құқық туралы куәліктің нөмірі (бар болса);
Тауардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттың түрі (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе сәйкестік туралы декларация), құжаттың нөмірі мен күні (тауардың сәйкестігін растау туралы талаптар болған кезде).
6. Тауардың шыққан елі.
7. Таңбаланатын тауар (заңды тұлғаның атауы, дара кәсіпкер (бұдан әрі – дара кәсіпкер) ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сәйкестендіру коды (нөмірі) (Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), Қазақстан Республикасы үшін – Қырғыз Республикасы үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) туралы ақпарат – салық төлеушінің сәйкестендіру салық нөмірі (СТССН), Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН)), заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің орналасқан жерінің мекенжайы).
8. Тауар өндіруші туралы ақпарат (заңды тұлғаның атауы, дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)).
1-кесте |
Трансшекаралық сауда шеңберінде сатылған тауарлар және оларды сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтердің құрамы мен құрылымы
Элемент атауы | Элемент сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты | мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты | 1 | |
2. Мәліметтерді ұсынатын ел | мәліметтерді ұсынатын елдің екі таңбалы әріптік коды | ISO 3166 сәйкес көрсетіледі | 1 |
3. Тауарларды сатушы (экспорттаушы) және сатып алушы туралы, тауарлар және оларды сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер | тауарларды сатушы (экспорттаушы) және сатып алушы туралы, тауарлар және сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер | 1..* | |
3.1. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы мәліметтер | тауарды сатушы (экспорттаушы) туралы мәліметтер | 0..1 |
3.1.1. Салық төлеушінің нөмірі | салық төлеушінің нөмірі | сәйкестендіру коды (нөмірі): Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕН), Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру салық нөмірі (СТССН), Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН) | 1 | ||||||
3.1.2. Салық төлеушінің БӨП | Салық төлеушінің БӨП | Ресей Федерациясында пайдаланылады | 0..1 | ||||||
3.1.3. GLN | тауар сатушының GLN коды | 0..1 | |||||||
3.1.4. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) толық атауы |
тауарды сатушы (экспорттаушы) заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) толық атауы | 0..1 | |||||||
3.1.5. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) мекенжайы |
заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) мекенжайы туралы мәліметтердің тізбесі | 3-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..1 | ||||||
3.1.6. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) байланыс деректемелері туралы мәліметтер |
заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) телефон нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі | 4-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..* | ||||||
тауарды сатып алушы | 0..1 | ||||||||
3.2.1. Салық төлеушінің нөмірі | салық төлеушінің нөмірі | сәйкестендіру коды (нөмірі): Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕН), Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру салық нөмірі (СТССН), Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН) | 1 | ||||||
3.2.2. Салық төлеушінің БӨП | Салық төлеушінің БӨП | 3-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..1 | ||||||
3.2.3. GLN | тауарды сатып алушының GLN коды | 0..1 | |||||||
3.2.4. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) толық атауы | заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) толық атауы | 0..1 | |||||||
3.1.5. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) мекенжайы | заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) мекенжайы туралы мәліметтердің тізбесі | 3-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..1 | ||||||
3.2.6. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің)байланыс деректемелері | заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) телефон нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі | 4-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..* | ||||||
трансшекаралық сауда шеңберінде сатып алынған тауар және оған салынған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер | 1..* | ||||||||
3.3.1. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы мәліметтер |
тауар өндіруші туралы мәліметтер | 0..1 | |||||||
3.3.1.1. Тауар өндірушінің GLN |
тауар өндірушінің GLN коды | 0..1 | |||||||
3.3.1.2. Салық төлеушінің нөмірі |
салық төлеушінің нөмірі | 0..1 | |||||||
3.3.1.3. Салық төлеушінің БӨП |
Салық төлеушінің БӨП | Ресей Федерациясында пайдаланылады | 0..1 | ||||||
3.3.1.4. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің)толық атауы |
заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) толық атауы | 0..1 | |||||||
3.3.1.5. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) мекенжайы |
заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) мекенжайы туралы мәліметтердің тізбесі | 3-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..1 | ||||||
3.3.1.6. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) байланыс деректемелері | заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) телефон нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі | 4-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..* | ||||||
3.3.2. GTIN сәйкестендіргіші | сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі (сандық мән) | элемент сауда бірлігін бірегей сәйкестендіруге арналған | 0..1 | ||||||
3.3.3. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың коды | ЕАЭО СЭҚ ТН кодының 10 белгісі көрсетіледі | 0..1 | ||||||
3.3.4. Тауарлар каталогы бойынша тауар коды | тауарлар каталогы бойынша тауар коды | 0..1 | |||||||
3.3.5. Тауарлардың ұлттық жіктеуіштері бойынша тауардың коды | тауардың ЖҚЖК, ЖҚЖК және тауарлардың өзге де ұлттық жіктеуіштері бойынша коды | 0..1 | |||||||
3.3.6. GPS бойынша тауардың коды | Global Product Classification (өнімнің жаһандық жіктеуіші) сәйкес мәні көрсетіледі | күрделі құрылымы бар | 0..1 | ||||||
3.3.7. Тауар шығарылған ел | тауар шығарылған ел туралы мәліметтер | элемент тауардың шығарылған елі туралы мәліметтерді көрсетуге арналған (коды ISO 3166 сәйкес) | 0..1 | ||||||
3.3.8. Тауарды декларациялауды растайтын құжат туралы мәліметтер | тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі және тауарларға арналған декларациядағы тауардың нөмірі туралы мәліметтер | элемент үшінші елдерден әкелінген тауарлар үшін міндетті | 0..* | ||||||
3.3.9. Тауар сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін құжат туралы мәліметтер | тауар сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін құжат туралы мәліметтер | 0..* | |||||||
3.3.10. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) техникалық регламенттерінде көзделген сәйкестікті бағалау туралы құжат не тауарлардың Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасында көзделген міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын өзге де құжат туралы мәліметтер | өнімге қойылатын белгіленген міндетті талаптардың орындалуын растайтын құжат туралы мәліметтер | 1* | |||||||
3.3.11. Тауар туралы мәліметтер |
өнім сипаттамаларының құрылымдық сипаттамасы | мәліметтер 5-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..1 | ||||||
3.3.9. Тауар сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін құжат туралы мәліметтер | тауар сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін құжат туралы мәліметтер | 0..* | |||||||
3.3.12.1. Түсірілген сәйкестендіру құралы туралы мәліметтер |
таңбаланған тауарды сәйкестендіру құралы мен мәртебесі туралы мәліметтер көрсетіледі | 1..* | |||||||
3.3.12.1.1. Сәйкестендіру құралы | құрылымдық түрде сәйкестендіру құралдарына ұсынылған мәліметтер | мәліметтер 6-кестеге сәйкес көрсетіледі | 1 | ||||||
3.3.12.1.2. Тауардың мәртебесі туралы мәлімет | күрделі элемент таңбаланған тауар мәртебесінің кодтық белгіленуі, мәртебені белгілеу себебінің коды, сондай-ақ тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентінде осындай мәртебені белгілеу күні мен уақыты туралы мәліметтерді қамтиды | 1 | |||||||
3.3.12.1.2.1. Мәртебе коды | таңбаланған тауар мәртебесінің кодтық белгіленуі | мәліметтер 10-кестеге сәйкес көрсетіледі | 1 | ||||||
3.3.12.1.2.2. Мәртебені орнату себебінің коды | тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентінде тауардың мәртебесін белгілеу себебінің коды | 0..1 | |||||||
3.3.12.1.2.3. Күні мен уақыты | тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентінде тауардың мәртебесін белгілеу күні мен уақыты | 1 | |||||||
3.3.12.2. Жоғары деңгейдегі буманың сілтемелік сәйкестендіргіші | 0..1 | ||||||||
3.3.12.2.1. Сәйкестендіру құралы | ораманы сәйкестендіру құралында құрылымдалған түрде ұсынылған мәліметтер | мәліметтер 6-кестеге сәйкес көрсетіледі | 1 | ||||||
3.3.13. Топтық және (немесе) көліктік қаптамалардың тізбесі | таңбаланған тауар орналасқан топтық немесе көліктік қаптамалардың тізбесі | 0..1 | |||||||
3.3.13.1. Топтық немесе көліктік қаптама туралы мәліметтер | 1..* | ||||||||
3.3.13.1.1. Топтау деңгейі | 1 | ||||||||
3.3.13.1.2. Сәйкестендіру құралы | топтық немесе көліктік қаптаманы сәйкестендіру құралында құрылымдалған түрде ұсынылған мәліметтер | мәліметтер 6-кестеге сәйкес көрсетіледі | 1 | ||||||
3.3.13.1.3. Жоғары деңгейдегі буманың сілтемелік сәйкестендіргіші | 0..1 | ||||||||
3.3.13.1.3.1. Сәйкестендіру құралы | ораманы сәйкестендіру құралында құрылымдалған түрде ұсынылған мәліметтер | мәліметтер 6-кестеге сәйкес көрсетіледі | 1 |
2-кесте |
Трансшекаралық сауда шеңберінде сатып алынған тауарларға салынған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтердің құрамы мен құрылымы
Элемент атауы | Элемент сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. | |||
1. Мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты | мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты | 1 | ||||
2. Мәліметтерді ұсынатын ел | мәліметтерді ұсынатын елдің екі таңбалы әріптік коды | ISO 3166 сәйкес көрсетіледі | 1 | |||
3. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды | тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды | ЕАЭО СЭҚ ТН кодының 10 белгісі көрсетіледі | 1 | |||
4. Тауарларды сатушы (экспорттаушы) және сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер | тауарларды сатушы (экспорттаушы) және трансшекаралық сауда шеңберінде сатып алынған тауарларға салынған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер | 1..* | ||||
4.1. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы мәліметтер | тауарларды сатушы (экспорттаушы) туралы мәліметтер | 0..1 | ||||
4.1.1. Салық төлеушінің нөмірі | салық төлеушінің нөмірі | сәйкестендіру коды (нөмірі): Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕН), Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру салық нөмірі (СТСН), Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН және КПП) | 1 | |||
4.1.2. Салық төлеушінің БӨП | Салық төлеушінің БӨП | Ресей Федерациясында пайдаланылады | 0..1 | |||
4.1.3. GLN | тауар сатушының GLN коды | 0..1 | ||||
4.1.4. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) толық атауы | тауарды өндіруші заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) толық атауы | 0..1 | ||||
4.1.5. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің)мекенжайы | заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) мекенжайы туралы мәліметтердің тізбесі | 3-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..1 | |||
4.1.6. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) байланыс деректемелері |
заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) телефон нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі | 4-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..* | |||
4.2. Тауарды сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер | тауарға, жеке немесе тұтынушылық орамаға басылған сәйкестендіру құралдарының тізбесі | 0..* | ||||
4.2.1. Сәйкестендіру құралы | тауарды сәйкестендіру құралдарының мәліметтер құрамына енгізілген құрылымдалған түрдегі мәліметтер | 6-кестеге сәйкес көрсетіледі | 1 | |||
4.2.2. Тауардың мәртебесі туралы мәліметтер | күрделі элемент таңбаланған тауар мәртебесінің кодтық белгіленуі, тауарларды таңбалау жүйесінің ұлттық компонентінде осындай мәртебені белгілеу күні мен уақыты туралы мәліметтерді қамтиды | 10-кестеге сәйкес көрсетіледі | 1 | |||
4.3. Топтық немесе көліктік қаптама туралы мәліметтер | топтық немесе көліктік қаптамаға басылған сәйкестендіру құралдарының тізбесі | 0..* | ||||
тауарды сәйкестендіру құралдарының мәліметтер құрамына енгізілген құрылымдалған түрдегі мәліметтер | тауарды сәйкестендіру құралдарының мәліметтер құрамына енгізілген құрылымдалған түрдегі мәліметтер | 6-кестеге сәйкес көрсетіледі | 1 | |||
4.3.2. Тауардың мәртебесі туралы мәліметтер | 0..1 | |||||
5. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы мәліметтер | тауарды сатып алушы туралы мәліметтер | 0..1 | ||||
5.1. Салық төлеушінің нөмірі | салық төлеушінің нөмірі | сәйкестендіру коды (нөмірі): Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕН), Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), Қазақстан Республикасы үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру салық нөмірі (СТССН), Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН) | 1 | |||
5.2. Салық төлеушінің БӨП | Салық төлеушінің БӨП | Ресей Федерациясында пайдаланылады | 0..1 | |||
5.3. GLN | тауарды сатып алушының GLN коды | 0..1 | ||||
5.4. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің)толық атауы | заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің)толық атауы | 0..1 | ||||
5.5. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің)мекенжайы | заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) мекенжайы туралы мәліметтердің тізбесі | 3-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..1 | |||
5.6. Заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің)байланыс деректемелері | заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) телефон нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі | 4-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..* |
3-кесте |
Мекенжайы туралы мәліметтер тізбесі
Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Көпт. |
1 | Адрес түрінің коды | мекенжай түрінің кодтық белгіленуі (орналасқан жерінің мекенжайы, хат жазысу үшін және т.б.) (тізбеге сәйкес көрсетіледі: "1" - тіркеу мекенжайы; "2" - нақты мекенжайы; "3" - пошталық мекенжайы) | 0..1 |
2 | Ел коды | елдің кодтық белгіленуі (ISO 3166 сәйкес көрсетіледі) | 0..1 |
3 | Аумақ коды | әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің коды | 0..1 |
4 | Аймақ | бірінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің атауы | 0..1 |
5 | Ауданы | Екінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің атауы | 0..1 |
6 | Қаласы | қала атауы | 0..1 |
7 | Елді мекен | елді мекеннің атауы | 0..1 |
8 | Көше | қалалық инфрақұрылымның көше-жол желісі элементінің атауы | 0..1 |
9 | Үй нөмірі | үйдің, корпустың, құрылыстың белгіленуі | 0..1 |
10 | Үй-жай нөмірі | кеңсені немесе пәтерді белгілеу | 0..1 |
11 | Пошта индексі - | пошта байланысы кәсіпорнының пошта индексі | 0..1 |
12 | Абоненттік жәшіктің нөмірі | пошта байланысы кәсіпорнындағы абоненттік жәшіктің нөмірі | 0..1 |
4-кесте |
Байланыс деректемелері туралы мәліметтер тізбесі
Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Көпт. |
1 | Байланыс түрінің коды |
байланыс құралы (арнасы) түрінің кодтық белгіленуі (телефон, факс, электрондық пошта және т. б.) (тізбеге сәйкес көрсетіледі: | 0..1 |
2 | Байланыс түрінің атауы | байланыс құралы (арнасы) түрінің атауы (телефон, факс, электрондық пошта және т.б.) | 0..1 |
3 | Байланыс арнасының сәйкестендіргіші | байланыс арнасын сәйкестендіретін символдар тізбегі (телефон, факс нөмірін, электрондық пошта мекенжайын және т.б. көрсету) | 0..* |
5-кесте |
Тауардың сипаттамалары туралы мәліметтер тізбесі
6-кесте |
Тауарды сәйкестендіру құралы туралы мәліметтер тізбесі
Нөмірі | Атауы | Сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1 | Сәйкестендіру құралының түрі | сәйкестендіру құралдары түрлерінің тізбесіне сәйкес сәйкестендіру құралы түрінің 3 таңбалы коды көрсетіледі | 7-кестеде айқындалған қағидаларға сәйкес көрсетіледі | 1 |
2 | Тізілім бойынша нөмірі | сәйкестендіру құралдарының тізілімі бойынша нөмірі көрсетіледі | 0..1 | |
3 | Сәйкестендіру құралдарының деректер блогы | 1..* | ||
3.1 | Қолдану сәйкестендіргіші (AI) | сәйкестендіру құралындағы ақпарат блогының мақсатын білдіретін жақшаға салынған сандық қолдану сәйкестендіргіші | 9-кестеде айқындалған қағидаларға сәйкес 8-кестеге сәйкес көрсетіледі | 0..1 |
3.2 | Ақпарат блогының символдық мәні | сәйкестендіру құралындағы ақпарат блогының символдық мәні бар | 9-кестеде айқындалған қағидаларға сәйкес көрсетіледі | 1 |
7-кесте |
Сәйкестендіру құралының түрі
Бөлім коды | Сәйкестендіру құралы түрінің коды | Сәйкестендіру құралы түрінің атауы |
1 | сызықтық штрих-код | |
101 | сызықтық штрих коды Code 128 | |
2 | екі өлшемді көп деңгейлі штрих-код | |
3 | екі өлшемді матрицалық штрих-код | |
301 | DataMatrix код | |
302 | QR код | |
303 | Micro QR код | |
4 | радиотаңбалар | |
401 | RFID-таңба UHF-диапазон | |
9 | сәйкестендіру құралдарының өзге де түрлері | |
999 | өзге |
8-кесте |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 2201 позициясында сыныпталатын тауарларды таңбалау кезінде пайдаланылатын қолдану сәйкестендіргіштерінің (AI) тізбесі
AI коды | AI толық атауы | Элемент жолы пішімі | Сипаттамасы | Ескертпе |
00 | Көліктік қаптаманың (ыдыстың)сериялық коды – SSCC (Serial Shipping Container Code) | N2 + N18 | Деректер жолында SSCC нөмірі бар | AI қолдану сәйкестендіргіші (00) оның артында тұрған 18 таңбадан тұратын сандық өрісте логистикалық блокты белгілеу үшін қолданылатын көліктік қаптаманың (контейнердің) (SSCC) сериялық коды бар екенін көрсетеді |
01 | Тауар бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі – GTIN (Global Trade Item Number) | N2 + N14 | GTIN (Global Trade Item Number) - GS1 ашық стандарттар жүйесіндегі бір атаудағы (артикула) тауар түрінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі. 14 таңбалы сандық идентификатор сериялық нөмір (Serial Number) | AI қолдану сәйкестендіргіші (01) оның артында тұрған 14 таңбадан тұратын сандық өрісте тауар бірлігін анықтау үшін қолданылатын тауар бірлігінің Ғаламдық сәйкестендіру нөмірі (GTIN) бар екенін көрсетеді |
21 | Сериялық нөмірі (Serial Number) | N2 + X..13 | сериялық нөмірі (Serial Number) | AI қолдану сәйкестендіргіші (21) оның артынан 6 немесе 13 таңбадан тұратын өрісте оператор немесе өндіруші оның бүкіл қызмет ету мерзіміне беретін өнімнің сериялық нөмірі бар екенін көрсетеді. GTIN-мен бірге сериялық нөмір әр өнімнің бірегей сәйкестендіргіші болып табылады |
93 | Тексеру коды | тексеру кодының мәні |
мүше мемлекеттің заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес қолданылады. |
9-кесте |
"Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесін қалыптастыру қағидалары
10-кесте |
Таңбаланған тауарлар және оларды сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер алмасу кезінде пайдаланылатын таңбаланған тауарлар мәртебелерінің тізбесі
Мәртебе коды | Мәртебені сипаттау | Кодтардың мүмкін мәндері және мәртебені белгілеу себебін сипаттау |
00 | жағдайы анықталмаған | "99" - ақпараттың күші жойылды (импорттаушының жүйесінде белгіленеді) |
"34" - тауарды сатушыға трансшекаралық сауда шеңберінде қайтару (импорттаушының жүйесінде белгіленеді) | ||
10 | мүше мемлекетте тауар айналымға енгізілді | "33" - трансшекаралық сауда шеңберінде тауарды есепке алу (импорттаушы жүйесінде белгіленеді) |
"34" - тауарды сатушыға трансшекаралық сауда шеңберінде қайтару (экспорттаушының жүйесінде белгіленеді) | ||
"99" - ақпараттың күші жойылды (экспорттаушының жүйесінде белгіленеді) | ||
20 | тауар айналымнан шығарылды | "33" - трансшекаралық сауда шеңберінде тауарды есепке алу (экспорттаушы жүйесінде белгіленеді) |
31 | трансшекаралық сауда шеңберінде өткізілген тауар (сатуға арналған) |