Микротолқынды пештерге арналған трансформаторлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 121 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8504 31 800 3 кодымен сыныпталатын микротолқынды пештерге арналған трансформаторлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8504 31 800 3 коды бар позиция төртінші графада "35С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 35С ескертпесімен толықтырылсын:

      "35С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 121 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023.31.12. дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2022 жылғы 2 қаңтардан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
А.Кожошев

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук


Об установлении ставки ввозной таможенной пошлины Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза в отношении отдельных видов трансформаторов для микроволновых печей

Решение Совета Евразийской экономической комиссии от 29 октября 2021 года № 121.

      В соответствии со статьями 42 и 45 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, пунктом 16 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и пунктом 4 приложения № 1 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Совет Евразийской экономической комиссии решил:

      1. Установить ставку ввозной таможенной пошлины Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза, утвержденного Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, в отношении отдельных видов трансформаторов для микроволновых печей, классифицируемых кодом 8504 31 800 3 ТН ВЭД ЕАЭС, в размере 0 процентов от таможенной стоимости с даты вступления в силу настоящего Решения по 31 декабря 2023 г. включительно.

      2. Внести в Единый таможенный тариф Евразийского экономического союза, утвержденный Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, следующие изменения:

      а) позицию с кодом 8504 31 800 3 ТН ВЭД ЕАЭС в графе четвертой дополнить ссылкой на примечание "35С)";

      б) примечания к Единому таможенному тарифу Евразийского экономического союза дополнить примечанием 35С следующего содержания:

      "35С) Ставка ввозной таможенной пошлины в размере 0 (ноль) % от таможенной стоимости применяется с даты вступления в силу Решения Совета Евразийской экономической комиссии от 29 октября 2021 г. № 121 по 31.12.2023 включительно.".

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его официального опубликования, но не ранее 2 января 2022 г.

Члены Совета Евразийской экономической комиссии:
От Республики
Армения
 
От Республики
Беларусь
 
От Республики
Казахстан
 
От Кыргызской
Республики
 
От Российской
Федерации
 
М. Григорян И. Петришенко А. Смаилов А. Кожошев А. Оверчук