2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1.ЕАЭО СЭҚ ТН 2919 90 000 0 кодымен сыныпталатын фосфор қышқылының күрделі эфирлерінің және олардың тұздары мен туындыларының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2.Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 2919 90 000 0 коды бар позициясы төртінші графада "36С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 36С ескертпесімен толықтырылсын:
"36С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 123 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023.31.12. дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2022 жылғы 2 қаңтардан кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |