Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминнің өтінішін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 7-тармағының ережелеріне және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (аталған Шартқа № қосымша) 30-тармағына сәйкес қарап және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 8 маусымдағы "Эспорттың кедендік рәсіміне жатқызылған ЕАЭО СЭҚ ТН 2402 және 2208 тауар позицияларындағы Еуразиялық экономикалық одақ тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімдерін қолдану туралы" № 63 шешіміне (бұдан әрі - № 63 шешім) өзгерістер енгізу мәселесі бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын назарға ала отырып, Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:
№ 63 шешім (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 98 шешімінің редакциясында) осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді деп белгіленсін.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |