1. Қоса беріліп отырған Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүддесіне орай теміржол жүк тасымалдарын цифрландыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері іс-шаралар жоспарын дер кезінде орындау үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия іс-шаралар жоспарын орындау мониторингін жүргізуді және оның нәтижелері туралы 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында Еуразиялық үкіметаралық кеңесті хабардар етуді қамтамасыз етсін.
4. Осы Өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 17 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүддесіне орай теміржол жүк тасымалдарын цифрландыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Іс-шараның атауы | Іске асыру мерзімі | Іске асыру нәтижесі |
Орындаушы |
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) теміржол тасымалдаушылары арасындағы тасымал және тауар алып жүру құжаттарында қамтылған электрондық деректер алмасудың толықтығы мен сапасын арттыру
1.1. Мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары арасындағы нормативтік базаны (соның ішінде электрондық деректер алмасу туралы келісімдер жасасу) қалыптастыруды аяқтау |
2022 жылғы қаңтар |
Келісімдер электрондық хабарлар алмасу |
"ОКТЖ" ЖАҚ, |
2. Тасымал және тауар алып жүру құжаттары бөлігінде халықаралық тасымалдарды ресімдеу кезінде заң жағынан маңызды электрондық құжат айналымына көшу жөніндегі іс-шаралар
2.1. Куәландырушы орталықтардың операторларын, сенім білдірілген үшінші тараптарды айқындау және оларға қажетті өкілеттіктер беру |
2021 жылғы қараша |
ақпараттық хаттар |
уәкілетті органдар, |
3. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен мүше мемлекеттердің бақылаушы органдары арасында электрондық өзара іс-қимыл орнату
3.1. Наушки-Брест маршруты бойынша электрондық кеден транзитінің рәсімдерін сыналтымдау бойынша экспериментті мүше мемлекеттер арасындағы басқа теміржол тасымалы бағыттарына ауқымдандыру |
2021 жылғы қазан |
Кеден одағына қатысушы мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасында бекітілген тәртіп |
уәкілетті органдар |
4. Тасымал және тауар алып жүру құжаттары бөлігінде заң жағынан маңызды электрондық құжат айналымына көшуді қоса, мүше мемлекеттер арасында жүк тасымалының кешенді желілік қағазсыз технологиясына көшу
4.1. Жүк тасымалының қағазсыз технологиясын ендіру негізінде халықаралық теміржол тасымалдарын жүзеге асыру бойынша келісімдер жасасу |
2022 жылғы сәуір |
келісімдер |
"ОКТЖ" ЖАҚ, "БТЖ" МБ, |
5. Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау шеңберінде ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау саласындағы электрондық өзара іс-қимыл
5.1. Ілеспе құжаттардың электрондық нысандарын алмасуды реттейтін нормативтік базаны (ілеспе құжаттардың электрондық нысандарын пайдалана отырып халықаралық қатынаста жүк тасымалының қағазсыз технологиясын ұйымдастыру туралы келісімдер жасасу) қалыптастыру (қалыптастыруды аяқтау) |
2022 жылғы желтоқсан |
нормативтік құқықтық актілер |
уәкілетті органдар, |
Ескертпелер:
1. 1-1, 2,2-2,5, 3,2, 3,3, 4,1 – 4,3, 5,2- тармақшаларында Армения Республикасы үшін іске асыру мерзімі қосымша айқындалатын болады.
2.Осы жоспарды қолдану мақсаты үшін мынадай қысқартулар пайдаланылады:
"ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
"БТЖ" МБ – "Белорус темір жолы" мемлекеттік бірлестігі;
"ҚТЖ" ҰК" МК – "Қырғыз темир жолу" ұлттық компаниясы" мемлекеттік кәсіпорны;
"ОКТЖ" ЖАҚ – "Оңтүстік Кавказ темір жолы" жабық акционерлік қоғамы;
АР МКК – Армения Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті
"НИИАС" ААҚ – "Теміржол көлігіндегі ақпараттандыру, автоматтандыру және байланыс ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық институты" ашық акционерлік қоғамы;
"РТЖ" ААҚ – "Ресей темір жолдары" ашық акционерлік қоғамы;
БР Президенті жанындағы ЖТО – Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Жедел-талдау орталығы;
БР Байланысмині - Беларусь Республикасының Байланыс және ақпараттандыру министрлігі;
БР Көлікмині – Беларусь Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
ҚР ҰАТ - Қазақстан Республикасының "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы;
РФ ҰКО – Ресей Федерациясы "Ұлттық куәландырушы орталық" акционерлік қоғамы;
ҰЭҚО – Беларусь Республикасының "Ұлттық электрондық қызметтер орталығы" республикалық біртұтас кәсіпорны;
ХЖҚК – Халықаралық теміржол жүк қатынастары туралы келісім;
БТЖ АҚО – "Белорус темір жолы" мемлекеттік бірлестігінің ақпаратты қорғау орталығы;
ЦИМ – жүктердің халықаралық теміржол тасымалы туралы шартқа бірыңғай құқықтық ұйғарымдар;
АР КО – Армения Республикасының куәландырушы орталығы;
ҚР КО - Қырғыз Республикасының куәландырушы орталығы.