Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы
23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысы регламентінің III бөлімінің 3-кіші бөлімі мынадай мазмұндағы 591-тармақпен толықтырылсын:
"591. Мүше мемлекеттің Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мемлекеттік билік органының Алқа отырыстарын трансляциялауға қол жеткізуге құқығы бар.
Алқа отырысының таратылуы шектелген ақпаратты қамтитын мәселелер қаралатын бөлігі трансляциялауға жатпайды.
Трансляцияны жүргізу тәртібін Алқа Төрағасы бекітеді.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз |
Ресей |