Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік аумағына Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭР ТР 048/2019) талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 8 ақпандағы №23 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭР ТР 048/2019) талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдердің ТІЗБЕСІ
Өнімнің атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Сәйкестігін бағалау туралы құжат | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. Номиналды кернеуі 250 В (қоса алғанда) дейінгі айнымалы ток желісінен қоректенетін және салқындатылған және (немесе) мұздатылған тамақ және (немесе) өзге де өнімнің 1500 л аспайтын пайдалы көлемі бар, коммерциялық мақсаттарда (өндірісте, сауда және қызмет көрсету саласында) қолданылуы мүмкін тұрмыстық мақсаттағы тоңазыту приборлары (тоңазытқыштар, мұздатқыштар және олардың комбинациялары) |
8418 10 200 1 | сәйкестік туралы декларация | ||
2. Үздіксіз режимде жұмыс істеуге арналған қысқа тұйықталған роторы бар, полюстер саны 2-ден 6-ға дейінгі, номиналды кернеуі 1000 В-қа дейінгі, номиналды жиілігі 50 немесе 50/60 Гц және номиналды қуаты 0,75-тен 375 кВт-қа дейінгі бір жылдамдықты үш фазалы электр қозғалтқыштары |
8501 51 000 1 | сәйкестік туралы декларация | ||
3. Номиналды кернеуі 250 В (қоса алғанда) дейінгі электр желісінен қоректенетін және тұрғын және кеңсе үй-жайларында пайдалануға арналған теледидарлар |
8528 72 | сәйкестік туралы декларация | ||
4. Номиналды кернеуі 250 В-қа дейінгі (қоса алғанда) электр желісінен тікелей жұмыс істейтін, тұрмыста немесе кеңседе (оның ішінде үй-жайлардан тыс) арнайы даярлығы жоқ пайдаланушылардың пайдалануына арналған жабдық: |
8420 | сәйкестік туралы декларация | ||
5. Коммерциялық мақсаттарда (өндірісте, саудада және қызмет көрсету саласында) қолданылуы мүмкін, номиналды кернеуі 250 В (қоса алғанда) дейінгі айнымалы ток желісінен қоректенетін тұрмыстық автоматты кір жуғыш машиналар, желіден қоректендірумен қатар электр батареяларынан (аккумуляторлардан) жұмыс істей алатын кір жуғыш машиналар, сондай-ақ аралас кір жуу-кептіру машиналарын қоспағанда, кіріктірілген кір жуғыш машиналар |
8450 11 110 0 | сәйкестік туралы декларация | ||
6. Номиналды кернеуі 230 В дейінгі айнымалы ток желісінен қоректенетін, оның ішінде тұрмыстық емес мақсаттарда қолданылатын, сондай-ақ электр батареяларынан (аккумуляторлардан) жұмыс істеуге қабілетті және кіріктірілген тұрмыстық ыдыс жуатын машиналар | 8422 11 000 0 | сәйкестік туралы декларация | ||
7. Стандартты және (немесе) айқындылығы жоғары ашық кодталмаған цифрлық теле - және (немесе) радио хабарларын ұқсас телевизияға және (немесе) радиоға сәйкес келетін сигналдарға түрлендіруге арналған автономды (теле - және (немесе) радио хабарларын тарату қабылдағыштарына салынбайтын) абоненттік теледидар қосымшалары |
8528 71 150 0 | сәйкестік туралы декларация | ||
8. Жарықтандырудан басқа, өзге де мақсаттар үшін қолданылуы мүмкін немесе энергия тұтынатын басқа да электр құрылғыларына салынуы мүмкін тұрмыстық және осыған ұқсас мақсаттағы электр шамдары | 8539 | сәйкестік сертификаты | ||
9. Сыртқы қоректендіру көздері |
8504 40 300 8 | сәйкестік туралы декларация | ||
10. Автономды және интеграцияланған герметикалық циркуляциялық сорғылар | 8413 70 300 0 | сәйкестік туралы декларация | ||
11. Қуаты 125 Вт-тан (қоса алғанда) 500 кВт-қа дейін (қоса алғанда) және қоректендіру кернеуі 1000 В-қа дейін (қоса алғанда) және тұрақты тогы 1500 В-қа дейін (қоса алғанда) электр жетегі бар желдеткіштер |
8414 51 000 0 | сәйкестік туралы декларация | ||
12. Іске қосуды реттейтін аппараты жоқ люминесцентті шамдар, жоғары қысымды газ разрядты шамдар, іске қосуды реттейтін аппараттар және осындай шамшырақтарға арналған шамдар |
8539 | сәйкестік сертификаты | ||
13. Бағытталған жарық шамдары, жарық диодты шамдар (LED-шамдар), сондай-ақ шамдардың іске қосуды реттейтін аппараттарын, басқару құрылғылары мен шырақтарды қоса алғанда, электр қоректендіру желісі мен шамдардың арасында орнатуға арналған олармен байланысты жабдықтар |
8539 | сәйкестік сертификаты | ||
14. Коммерциялық мақсаттарда (өндірісте, саудада және қызмет көрсету саласында) қолданылуы мүмкін тоқыма бұйымдарына арналған, ауаны электрмен немесе газбен жылыту құрылғысы бар ауыспалы ток желісінен қоректенетін барабанды типтегі кептіргіш тұрмыстық машиналар, оның ішінде кір жуатын-кептіретін құрама машиналардың құрамына кіретін центрифугалар мен кептіргіш машиналарды қоспағанда, кіріктірілген барабанды типті кептіргіш машиналар | 8421 12 000 0 | сәйкестік туралы декларация | ||
15. Номиналды кернеуі 250 В-қа дейінгі (қоса алғанда) ауыспалы ток желісінен қоректенетін немесе коммерциялық мақсаттарда (өндірісте, саудада және қызмет көрсету саласында) қолданылуы мүмкін тұрмыстық мақсаттағы шаңсорғыштар | 8508 | сәйкестік туралы декларация | ||
16. Тікелей айнымалы ток желісінен, оның ішінде сыртқы немесе ішкі қуат көзі арқылы қуат алуға арналған компьютерлер мен серверлер |
8471 30 000 0 | сәйкестік сертификаты | ||
17. Таза суды айдауға арналған автономды және біріктірілген сорғылар | 8413 70 | сәйкестік туралы декларация | ||
18. Салқындату және (немесе) жылыту үшін номиналды қуаты 12 кВт аспайтын электр желісінен қоректенетін ауа баптағыштар, сондай-ақ номиналды тұтыну қуаты 125 Вт аспайтын бөлме желдеткіштері |
8414 51 000 0 | сәйкестік туралы декларация | ||
Ескертпелер |
1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет. |