Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭР ТР 048/2019) талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 8 ақпандағы № 23 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік аумағына Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭР ТР 048/2019) талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 8 ақпандағы
№23 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭР ТР 048/2019) талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдердің ТІЗБЕСІ

Өнімнің атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Сәйкестігін бағалау туралы құжат

Ескертпе

1

2

3

4

1. Номиналды кернеуі 250 В (қоса алғанда) дейінгі айнымалы ток желісінен қоректенетін және салқындатылған және (немесе) мұздатылған тамақ және (немесе) өзге де өнімнің 1500 л аспайтын пайдалы көлемі бар, коммерциялық мақсаттарда (өндірісте, сауда және қызмет көрсету саласында) қолданылуы мүмкін тұрмыстық мақсаттағы тоңазыту приборлары (тоңазытқыштар, мұздатқыштар және олардың комбинациялары)

8418 10 200 1
8418 10 800 1
8418 21
8418 29 000 0
8418 30 200 1
8418 30 800 1
8418 40 200 1
8418 40 800 1
8418 50

сәйкестік туралы декларация


2. Үздіксіз режимде жұмыс істеуге арналған қысқа тұйықталған роторы бар, полюстер саны 2-ден 6-ға дейінгі, номиналды кернеуі 1000 В-қа дейінгі, номиналды жиілігі 50 немесе 50/60 Гц және номиналды қуаты 0,75-тен 375 кВт-қа дейінгі бір жылдамдықты үш фазалы электр қозғалтқыштары

8501 51 000 1
8501 52 300 0 8501 52 900 2
8501 52 900 9
8501 53 810 0

сәйкестік туралы декларация


3. Номиналды кернеуі 250 В (қоса алғанда) дейінгі электр желісінен қоректенетін және тұрғын және кеңсе үй-жайларында пайдалануға арналған теледидарлар

8528 72
8528 73 000 0

сәйкестік туралы декларация


4. Номиналды кернеуі 250 В-қа дейінгі (қоса алғанда) электр желісінен тікелей жұмыс істейтін, тұрмыста немесе кеңседе (оның ішінде үй-жайлардан тыс) арнайы даярлығы жоқ пайдаланушылардың пайдалануына арналған жабдық:
а) кір жуғыш машиналар, барабанды типті кептіру машиналары және кірді, киімді және аяқ киімді өңдеуге (жууға, үтіктеуге, кептіруге, тазалауға) арналған басқа да жабдықтар;
б) ыдыс жуатын машиналар;
в) электр пештері, электр плиталары;
г) қысқа толқынды пештер;
д) тостерлер, фритюрницалар, электр қыздырғыштар, кофеуатқыштар, кофемашиналар және тамақ дайындауға және өңдеуге арналған басқа да приборлар;
е) шаш қиюға арналған приборлар, фендер, ұстаралар, тіс щеткалары, массаж жасау жабдығы және денеге күтім жасауға арналған басқа да жабдық;
ж) ыдыстар мен қаптамаларды ашуға және жабуға арналған жабдық;
з) таразылар;
и) соңғы байланыс жабдығы;
к) принтерлер;
л) сканерлер;
м) мониторлар;
н) айнымалы ток желісімен қоректенетін белсенді акустикалық жүйелер;
о) мультимедиялық проекторлар;
п) радиоқабылдағыштар;
р) бейнемагнитофондар;
с) бейнекамералар;
т) дыбыс жазғыш аппаратура;
у) дыбыс күшейткіштер;
ф) үй кинотеатрлары;
х) электромузыкалық аспаптар;
ц) бейне мен дыбысты жазуға және жаңғыртуға арналған басқа да жабдық, соның ішінде бейне мен дыбысты телекоммуникациялық арналар арқылы, сигналдар арқылы немесе басқа тәсілмен (теледидарларды қоспағанда) беруге арналған өзге де жолдармен беруге арналған жабдық;
ч) ойыншықтар, электрлі шағын темір жолдар мен автодромдарды қоса алғанда, бос уақыт өткізуге және спортпен шұғылдануға арналған жабдық, бейне ойындарға арналған қол консольдері, электр және электрондық компоненттері бар спорт жабдығы, басқа да ойыншықтар мен тренажерлер

8420
8421 12 000 0
8421 19 700 9
8450 11 110 0
8450 11 190 0
8450 11 900 0
8450 12 000 0
8450 19 000 0
8451 21 000
8451 29 000 0
8451 30 000 0
8422 11 000 0
8516 60 101 0
8516 60 109 0
8516 60 500 0
8516 60 800 0
8516 50 000 0
8509 40 000 0
8509 80 000 0
8516 60 700 0
8516 60 900 0
8516 71 000 0
8516 72 000 0
8516 79 200 0
8516 79 700 0
8509 80 000 0
8510 10 000 0
8510 20 000 0
8510 30 000 0
8516 31 000
8516 32 000 0
9019 10 100 0
8422 30 000 8
8509 80 000 0
8423 10
8423 81 500 0
8517 11 000 0
8517 18 000 0
8517 62 000
8443 32 100 9
8471 60 700 0
8528 42
8528 49
8528 52
8528 59
8528 71
8528 72
8528 62
8528 69
8527 21 700 0
8527 91
8527 92
8527 99 000 0
8521 10
8525 81
8525 83
8525 89
8519
8518 40
8518 50 000 0
8521 90 000
9207
8519
8521
8525 81
8525 83
8525 89
8527
8528 49
8528 59
8528 69
8528 72
9503 00
9504
9506

сәйкестік туралы декларация


5. Коммерциялық мақсаттарда (өндірісте, саудада және қызмет көрсету саласында) қолданылуы мүмкін, номиналды кернеуі 250 В (қоса алғанда) дейінгі айнымалы ток желісінен қоректенетін тұрмыстық автоматты кір жуғыш машиналар, желіден қоректендірумен қатар электр батареяларынан (аккумуляторлардан) жұмыс істей алатын кір жуғыш машиналар, сондай-ақ аралас кір жуу-кептіру машиналарын қоспағанда, кіріктірілген кір жуғыш машиналар

8450 11 110 0
8450 11 190 0
8450 11 900 0
8450 12 000 0
8450 19 000 0

сәйкестік туралы декларация


6. Номиналды кернеуі 230 В дейінгі айнымалы ток желісінен қоректенетін, оның ішінде тұрмыстық емес мақсаттарда қолданылатын, сондай-ақ электр батареяларынан (аккумуляторлардан) жұмыс істеуге қабілетті және кіріктірілген тұрмыстық ыдыс жуатын машиналар

8422 11 000 0

сәйкестік туралы декларация


7. Стандартты және (немесе) айқындылығы жоғары ашық кодталмаған цифрлық теле - және (немесе) радио хабарларын ұқсас телевизияға және (немесе) радиоға сәйкес келетін сигналдарға түрлендіруге арналған автономды (теле - және (немесе) радио хабарларын тарату қабылдағыштарына салынбайтын) абоненттік теледидар қосымшалары

8528 71 150 0
8528 71 190 0
8528 71 910 0
8528 71 990 0

сәйкестік туралы декларация


8. Жарықтандырудан басқа, өзге де мақсаттар үшін қолданылуы мүмкін немесе энергия тұтынатын басқа да электр құрылғыларына салынуы мүмкін тұрмыстық және осыған ұқсас мақсаттағы электр шамдары

8539

сәйкестік сертификаты


9. Сыртқы қоректендіру көздері

8504 40 300 8
8504 40 550 0
8504 40 830 0
8504 40 910 0

сәйкестік туралы декларация


10. Автономды және интеграцияланған герметикалық циркуляциялық сорғылар

8413 70 300 0

сәйкестік туралы декларация


11. Қуаты 125 Вт-тан (қоса алғанда) 500 кВт-қа дейін (қоса алғанда) және қоректендіру кернеуі 1000 В-қа дейін (қоса алғанда) және тұрақты тогы 1500 В-қа дейін (қоса алғанда) электр жетегі бар желдеткіштер

8414 51 000 0
8414 59

сәйкестік туралы декларация


12. Іске қосуды реттейтін аппараты жоқ люминесцентті шамдар, жоғары қысымды газ разрядты шамдар, іске қосуды реттейтін аппараттар және осындай шамшырақтарға арналған шамдар

8539
9405

сәйкестік сертификаты


13. Бағытталған жарық шамдары, жарық диодты шамдар (LED-шамдар), сондай-ақ шамдардың іске қосуды реттейтін аппараттарын, басқару құрылғылары мен шырақтарды қоса алғанда, электр қоректендіру желісі мен шамдардың арасында орнатуға арналған олармен байланысты жабдықтар

8539
9405

сәйкестік сертификаты


14. Коммерциялық мақсаттарда (өндірісте, саудада және қызмет көрсету саласында) қолданылуы мүмкін тоқыма бұйымдарына арналған, ауаны электрмен немесе газбен жылыту құрылғысы бар ауыспалы ток желісінен қоректенетін барабанды типтегі кептіргіш тұрмыстық машиналар, оның ішінде кір жуатын-кептіретін құрама машиналардың құрамына кіретін центрифугалар мен кептіргіш машиналарды қоспағанда, кіріктірілген барабанды типті кептіргіш машиналар

8421 12 000 0

сәйкестік туралы декларация


15. Номиналды кернеуі 250 В-қа дейінгі (қоса алғанда) ауыспалы ток желісінен қоректенетін немесе коммерциялық мақсаттарда (өндірісте, саудада және қызмет көрсету саласында) қолданылуы мүмкін тұрмыстық мақсаттағы шаңсорғыштар

8508

сәйкестік туралы декларация


16. Тікелей айнымалы ток желісінен, оның ішінде сыртқы немесе ішкі қуат көзі арқылы қуат алуға арналған компьютерлер мен серверлер

8471 30 000 0
8471 41 000 0
8471 49 000 0

сәйкестік сертификаты


17. Таза суды айдауға арналған автономды және біріктірілген сорғылар

8413 70

сәйкестік туралы декларация


18. Салқындату және (немесе) жылыту үшін номиналды қуаты 12 кВт аспайтын электр желісінен қоректенетін ауа баптағыштар, сондай-ақ номиналды тұтыну қуаты 125 Вт аспайтын бөлме желдеткіштері

8414 51 000 0
8415 10
8415 81 009 0
8415 82 000 0
8415 83 000 0

сәйкестік туралы декларация






Ескертпелер

1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет.
2. Осы тізбе Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 048/2019) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қолданылады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" (ЕАЭО ТР 048/2019) техникалық регламентінің 20-тармағына сәйкес сәйкестік туралы декларацияны тапсырудың орнына кедендік декларацияны беру сәйкестік туралы сертификатты ұсынумен қоса жүруі мүмкін.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады