2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 4703 29 000 1 кодымен сыныпталатын жапырақ тұқымдас қатты ағаштан алынған жартылай ағартылған немесе ағартылған целлюлозаның жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы 2022 жылғы 1 маусымнан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 16С ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"16С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 2022.01.06. бастап 2023.31.05. дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда жапырақ тұқымдас қатты ағаштан алынған жартылай ағартылған немесе ағартылған целлюлозаның жекелеген түрлеріне қатысты неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енгеннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |