Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 15 ақпандағы № 27 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына және 120-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 15 ақпандағы
№ 27 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағының 29-тармақшасында елу тоғызыншы (кестеден кейінгі) абзац ", не аталған Келісімге сәйкес қадағалап отыруға жатпайтын, бірақ оларға қатысты аталған Келісімнің 16-бабының 2-тармағына сәйкес қадағалап отырудың ұлттық жүйесі қолданылатын тауарлар" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссиясының Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімімен бекітілген Тауарға арналған декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтінішті толтыру тәртібінің 36-тармағының алтыншы абзацы "2019 жылғы 29 мамыр" деген сөздерден кейін ", не аталған Келісімге сәйкес қадағалап отыруға жатпайтын, бірақ оған қатысты аталған Келісімнің 16-бабының 2-тармағына сәйкес қадағалап отырудың ұлттық жүйесі қолданылатын тауар" деген сөздермен толықтырылсын.

О внесении изменений в некоторые решения Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 15 февраля 2022 года № 27.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 105 и пунктом 3 статьи 120 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Внести в решения Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии изменения согласно приложению.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 15 февраля 2022 г. № 27

ИЗМЕНЕНИЯ,

вносимые в решения Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии

      1. Абзац пятьдесят девятый (после таблицы) подпункта 29 пункта 15 Порядка заполнения декларации на товары, утвержденного Решением Комиссии Таможенного союза от 20 мая 2010 г. № 257, после слов "от 29 мая 2019 года" дополнить словами ", либо товаров, которые не подлежат прослеживаемости согласно указанному Соглашению, но в отношении которых используется национальная система прослеживаемости в соответствии с пунктом 2 статьи 16 указанного Соглашения".

      2. Абзац шестой пункта 36 Порядка заполнения заявления о выпуске товаров до подачи декларации на товары, утвержденного Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 13 декабря 2017 г. № 171, после слов "от 29 мая 2019 г." дополнить словами ", либо товара, который не подлежит прослеживаемости согласно указанному Соглашению, но в отношении которого используется национальная система прослеживаемости в соответствии с пунктом 2 статьи 16 указанного Соглашения".