Еуразиялық экономиалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 наурыздағы "Интеграцияны және халықаралық қызметті дамыту жөніндегі консультативтік комитет туралы" №25 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 22 наурыздағы № 46 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 наурыздағы №25 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Қазақша мәтінде атауындағы, 1 және 2-тармақтардағы "Интеграцияны және халықаралық қызметті дамыту" деген сөздер "Халықаралық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Аталған Шешіммен бекітілген Интеграцияны және халықаралық қызметті дамыту жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеде:
а) Қазақша мәтінде атауындағы "Интеграцияны және халықаралық қызметті дамыту" деген сөздер "Халықаралық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 1-тармақта:
қазақша мәтінде бірінші абзацтағы "Интеграцияны және халықаралық қызметті дамыту" деген сөздер "Халықаралық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Комитет Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) халықаралық қызметі мәселелері жөніндегі консультативтік органы болып табылады.";
в) 3-тармақтың "а" тармақшасында "экономикалық дамудың басымдықты стратегиялық бағыттарына, Одақ шеңберіндегі интеграцияны дамытуға және" деген сөздер алып тасталсын.
г) 4-тармақтың "а" тармақшасында:
екінші абзац алып тасталсын;
үшінші абзац "Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің құзыреттерін ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзацта "іске асыру механизмдерін құру" деген сөздер "қарау" деген сөзбен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзац "халықаралық қызмет саласында" деген сөздермен толықтырылсын.