Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 107-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 2933 61 000 0 кодымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін меламинге қатысты № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылсын және демпингке қарсы осы шараның қолданылу мерзімі 5 жылға белгіленсін.
2. Осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж № 2 қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген өндірушілер дайындайтын, осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тауарға қатысты осындай тауарлар декларантында өндірушінің сертификатын тіркеген күні тауарға тиісті өндірушінің уәкілетті органы қол қойған және осындай өндірушінің мөрі басылған тауарға арналған № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаты болған, тауарға арналған осындай сертификат туралы мәліметтерді мәлімдеген және оны кеден органына берген кезде қолданылмайды деп белгіленсін.
3. Өндірушілер осы шешімнің № 2 қосымшасында көзделген тізбеге сәйкес қабылдаған баға міндеттемелері мақұлдансын.
4. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті:
осы Шешімнің № 2 қосымшасында көзделген тізбеде көрсетілген уәкілетті қызметкерлер қолдарының үлгілерін және өндірушілер мөрлерінің бедерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарына жіберсін;
осы Шешімде көзделген баға міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырсын;
"Невинномысский Азот" акционерлік қоғамы ұсынған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге меламин жеткізудің № 4 қосымшаға сәйкес ұсынылған тәсілдерінің (бұдан әрі – ұсынылған тәсілдер) сақталуына маниторингті жүзеге асырсын;
"Невинномысский Азот" акционерлік қоғамы ұсынылған тәсілдерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттің тұтынушысынан, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органынан алынған ақпаратты ескере отырып, орындамаған жағдайда, үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 110-тармағына сәйкес осы Шешіммен белгіленген демпингке қарсы шараны қайта қарау туралы мәселені қарасын.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа ала отырып, Осы Шешімде көзделген демпингке қарсы бажды өндіріп алуды қамтамасыз етсін.
6. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 56 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Демпингке қарсы баж СТАВКАЛАРНЫҢ МӨЛШЕРІ
Тауардың атауы | Өндіруші |
Демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 56 шешімінің 1-тармағында көрсетілген меламин |
Yuxiang-Diversifous Poplar Chemical Co., Ltd. |
19,08 |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 56 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Баға міндеттемелері мақұлданған өндірушілердің ТІЗБЕСІ
Өндіруші | Міндеттемелер берілген хаттың Еуразиялық экономикалық комиссияда тіркелген күні мен нөмірі |
1. Yuxiang-Diversifous Poplar Chemical Co., Ltd. (юридический адрес: Circular Economy Industrial Park, Shaya County, Aksu District, Xinjiang, China) | № ДЗВР-68конф/AD-34 2022 ж. 16 ақпаннан бастап |
2. Sichuan Golden-Elephant Sincerity Chemical Co., Ltd. (юридический адрес: Meishan High-tech Industrial Park (West District), Meishan City, Sichuan Province, China) | № ДЗВР-68конф/AD-34 2022 ж. 16 ақпаннан бастап |
3. Xinjiang Golden Elephant Sincerity Coal Chemicals&T Co., Ltd. (юридический адрес: West Area of Fukang Industrial Park, Changji Prefecture, Xinjiang (West Side of Yaochi 220KV Substation, South of Wuzhun Railway, North of S303), China) | № ДЗВР-68конф/AD-34 2022 ж. 16 ақпаннан бастап |
4. Xinjiang Xinlianxin Energy Chemical Co., Ltd. (юридический адрес: Taxi River Industry Zone, Baojiadian Town, Manasi County, Changji Prefecture, Xinjiang, China) | № ДЗВР-67конф/AD-34 2022 ж. 16 ақпаннан бастап |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 56 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
(нысаны)
ӨНДІРУШІНІҢ СЕРТИФИКАТЫ
1. Өндіруші (атауы, мекенжайы) | 2. Сертификаттың реттік нөмірі және берілген күні | ||||
3. Экспорттаушы (атауы, мекенжайы) | ӨНДІРУШІНІҢ СЕРТИФИКАТЫ | ||||
4. Жөнелтілетін елі | |||||
5. Импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің резиденті (атауы, мекен жайы) | 6. Инвойс (нөмірі, күні) | ||||
7. ЕАЭО СЭҚ ТН коды | 8. Көлік құралының нөмірі | ||||
9. Тауар туралы мәліметтер | |||||
№ |
Тауардың сипаттамасы, басқа ерекшеліктері (міндеттемелерге сәйкес тауардың түрлері көрсетіледі) | Салмағы нетто (тонн) | Бағасы (АҚШ долларымен) | Құны (АҚШ долларымен) | |
10. Мен, төменде қол қоюшы, осы сертификаттың 9-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспорттау мақсатында өткізу қабылданған міндеттемелерді сақтай отырып жүзеге асырылатынын растаймын. Мен осы сертификатта қамтылған мәліметтердің толық және нақты екенін растаймын. |
Ескерту:
1. Сертификаттың орыс немесе ағылшын тілінде толтырылған 1 және 3-тармақтарын қоспағанда, сертификат орыс тілінде баспалық тәсілмен толтырылады.
2. Сертификаттың қолданылу мерзімі ол берілген күнінен бастап күнтізбелік 90 күнді құрайды.
3. Сертификаттың 4-тармағында Еуразиялық экономикалық комиссия бекіткен әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес жөнелтілетін елі көрсетіледі.
4. Сертификаттың 6-тармағында кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын инвойстың нөмірі мен күні көрсетіледі.
5. Сертификаттың 8-тармағында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелінетін көлік құралының тіркеу нөмірі көрсетіледі.
6. Сертификаттың 9-тармағында бір тоннаға арналған тауардың бағасы және міндеттемелерде көзделген өткізу схемасына сәйкес тауарды сатып алушы нақты төлеген немесе төлеуге жататын тауардың құны цифрлармен көрсетіледі.
7. Сертификатқа түзетулер және (немесе) толықтырулар қате мәліметтерді сызып тастау және түзетілген мәліметтерді үстіне басып шығару арқылы енгізіледі, ол өндірушінің мөрімен куәландырылады
8. Сертификатта адамдардың факсимильдік қолтаңбаларын пайдалануға, сондай-ақ осы ескертулердің 7-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылмаған өшірулердің, түзетулердің және (немесе) толықтырулардың болуына жол берілмейді.
9. Сертификат мынадай жағдайларда:
сертификаттың мерзімі өткен;
сертификаттың нысаны осы қосымшада көзделген нысанға сәйкес келмеген және (немесе) сертификат осы ескертулердің 1 - 8-тармақтарының талаптарына сәйкес толтырылмаған;
сертификатта көрсетiлген мәлiметтер тауарға арналған декларацияда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмеген және (немесе) тауарды бiр мәнді сәйкестендіруге мүмкіндік бермеген;
сертификатта қойылған қол және (немесе) мөр кеден органында бар қолтаңбаның және (немесе) мөр таңбаларының үлгілеріне сәйкес келмеген жағдайларда жарамсыз деп танылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 56 шешіміне № 4 ҚОСЫМША |
Меламинді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге жеткізуді жүзеге асырудың ҰСЫНЫЛҒАН ТӘСІЛДЕРІ
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі тұтынушыларға меламинді жеткізудің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге экспорттық жеткізілімдер алдындағы басымдылығы.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде меламинді тұтынушылармен жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт міндеттемелерін сақтау.
3. Еуразиялық экономикалық одақ нарығында ұзақ мерзімді келісімшарт міндеттемелерінің спот (қысқа мерзімді/біржолғы) келісімшарт міндеттемелеріне қарағанда басымдылығы.
4. Меламинге қатысты ашық, бәсекеге қабілетті және негізді баға белгілеу қағидаттарын сақтау, оның ішінде өнім бағасының ашық аналитикалық көздерде жарияланған баға белгілеулерінің меламин және меламин өндіруге арналған шикізат құны бойынша өзгеру динамикасына тәуелділігін қамтамасыз ететін баға белгілеудің формулалық механизмдерін пайдалана отырып сақтау.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттерде меламин тұтынушылары үшін франко-зауыт жағдайында бірыңғай баға саясатын және бірдей бағаларды сақтау.