Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға, не Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға, осындай тауарларды шығаруға қатысты кедендік операциялар жасау және оларды кедендік бақылауда емес деп тану фактісін көрсету тәртібінің 202-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 73 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 258-бабының 6-тармағына және 264-бабының 10-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №311 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға, не Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға, осындай тауарларды шығаруға қатысты кедендік операциялар жасау және оларды кедендік бақылауда емес деп тану фактісін көрсету тәртібінің 202-тармағына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 12 мамырдағы
№73 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға, не Одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға, осындай тауарларды шығаруға қатысты кедендік операциялар жасау және оларды кедендік бақылауда емес деп тану фактісін көрсету тәртібінің 202-тармағына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Бірінші бөлік "өзге тұлғаның" деген сөздерден кейін "(жеке тұлғаның, соның ішінде жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Екінші бөлік "өзге тұлғаның" деген сөздердің алдында "осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. Үшінші бөлікте:

      а) бірінші абзацта "нысанда толтырылады және мыналар туралы мәліметтерді қамтиды:" деген сөздер "нысанда толтырылады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) екінші – төртінші абзацтар алып тасталсын.

      4. Үшінші бөлігінен кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

      "кедендік аумаққа уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралын жеке тұлғаға (жеке кәсіпкерді қоспағанда) беру туралы өтініште мыналар:

      декларант (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері);

      жеке пайдалануға арналған көлік құралы (жеке пайдалануға арналған авто- және мотокөлік құралының және (немесе) жеке пайдалануға арналған авто- және мотокөлік құралы тіркемесінің маркасы, моделі, тіркеу нөмірі, сәйкестендіру нөмірі, шанағының нөмірі (бар болған жағдайда), шасси нөмірі (бар болған жағдайда), шығарылған сәті (дайындалған күні), су көлігінің, әуе көлігінің түрі, тіркеу нөмірі);

      жеке пайдалануға арналған көлік құралы берілетін жеке тұлға (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, тұрғылықты (тіркелген) жерінің және (немесе) Одаққа мүше мемлекеттің аумағында болу орнының мекенжайы, азаматтығы (бодандығы), туған күні, сондай-ақ салық органында есепке қойылғаны туралы мәліметтер (бар болған жағдайда) (Армения Республикасында – қоғамдық қызметтер көрсетудің нөмір белгісі (ҚҚКНБ), Беларусь Республикасында – сәйкестендіру нөмірі (СН), Қазақстан Республикасында – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), Қырғыз Республикасында – дербес сәйкестендіру нөмірі (ДСН), Ресей Федерациясында – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН)) туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

      Жеке пайдалануға арналып кедендік аумаққа уақытша әкелінген көлік құралын жеке тұлғаға (жеке кәсіпкерді қоспағанда) беруге рұқсат декларацияда ("Қызметтік белгілер үшін" бөлімінде) немесе кеден органының лауазымды тұлғасы жеке пайдалануға арналған осындай көлік құралын кедендік аумаққа уақытша әкелу кезінде жеке пайдалануға арналған осындай көлік құралы берілетін жеке тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда) және оның жеке басын куәландыратын құжатының деректемелерін көрсете отырып, "КҚ_____________әкету үшін беруге рұқсат етілді" деген жазбаны енгізу арқылы кеден органы ресімдейтін өзге құжатта көрсетіледі. Жазба кеден органының осындай рұқсатты берген лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырылады.

      кедендік аумаққа уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралын заңды тұлғаға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға, жеке кәсіпкерге беру туралы өтініште мыналар:

      декларант (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері);

      жеке пайдалануға арналған көлік құралы (жеке пайдалануға арналған авто- және мотокөлік құралының және (немесе) жеке пайдалануға арналған авто- және мотокөлік құралы тіркемесінің маркасы, моделі, тіркеу нөмірі, сәйкестендіру нөмірі, шанағының нөмірі (бар болған жағдайда), шасси нөмірі (бар болған жағдайда), шығарылған сәті (дайындалған күні), су көлігінің, әуе көлігінің түрі, тіркеу нөмірі);

      жеке пайдалануға арналған көлік құралы берілетін заңды тұлға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым, жеке кәсіпкер (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның (қысқаша (қысқартылған) немесе толық) атауы, не жеке кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның орналасқан жері, не жеке кәсіпкердің тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы, салық органында есепке қойылғаны туралы мәліметтер (бар болған жағдайда) (Армения Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕН), Беларусь Республикасында – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), Қазақстан Республикасында – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), не жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), Қырғыз Республикасында – сәйкестендіру салық нөмірі (ССН), Ресей Федерациясында – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН) және есепке қою себебінің коды (ЕСК)), байланыс деректемелері (телефон, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы және т.б.);

      жеке пайдалануға арналған көлік құралын тасымалдау шартымен, көліктік (тасымалдау) құжатымен расталатын жеке пайдалануға арналған көлік құралын тасымалдау шартының, көліктік (тасымалдау) құжатының күндері және нөмірлері туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

      Жеке пайдалануға арналып кедендік аумаққа уақытша әкелінген көлік құралын заңды тұлғаға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға, жеке кәсіпкерге беруге рұқсат декларацияда ("Қызметтік белгілер үшін" бөлімінде) немесе кеден органының лауазымды тұлғасы жеке пайдалануға арналған осындай көлік құралын кедендік аумаққа уақытша әкелу кезінде жеке пайдалануға арналған осындай көлік құралы берілетін заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның атауын, не жеке кәсіпкердің тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда), олардың салық органында есепке қойылғаны туралы мәліметтерді, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған көлік құралын тасымалдау шартының, көліктік (тасымалдау) құжатының күні мен нөмірін көрсете отырып, "КҚ_____________әкету үшін беруге рұқсат етілді" деген жазбаны енгізу арқылы кеден органы ресімдейтін өзге құжатта көрсетіледі. Жазба кеден органының осындай рұқсатты берген лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырылады.".

      5. Төртінші бөліктің күші жойылды деп танылсын.

      6. Бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кедендік аумаққа жеке пайдалануға арналып уақытша әкелінген көлік құралын беруге кеден органының рұқсаты бар өтініштің және декларацияның (өзге де құжаттың) түпнұсқалары кейіннен осындай көлік құралы берілетін жеке тұлғаға, соның ішінде жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның, жеке кәсіпкердің өкіліне тапсыру үшін декларантқа, не тікелей аталған тұлғаларға (егер өтінішті осы тұлғалар берген жағдайда) қайтарылады, ал осындай өтініштің көшірмесі және декларацияның (өзге де құжаттың) көшірмесі кеден органында қалады.".

      7. Жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың алтыншы бөлігінде көзделген жағдайда кедендік аумаққа жеке пайдалануға арналып уақытша әкелінген көлік құралын беруге кеден органының рұқсаты бар өтініштің түпнұсқасы кейіннен осындай көлік құралы берілетін жеке тұлғаға, соның ішінде жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның, жеке кәсіпкердің өкіліне тапсыру үшін декларантқа, не тікелей аталған тұлғаларға (егер өтінішті осы тұлғалар берген жағдайда) қайтарылады, ал осындай өтініштің көшірмесі кеден органында қалады.".

О внесении изменений в пункт 202 Порядка совершения таможенных операций в отношении товаров для личного пользования, перемещаемых через таможенную границу Евразийского экономического союза, либо товаров для личного пользования, временно ввезенных на таможенную территорию Союза, выпуска таких товаров и отражения факта их признания не находящимися под таможенным контролем

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 12 мая 2022 года № 73.

      В соответствии с пунктом 6 статьи 258 и пунктом 10 статьи 264 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Внести в пункт 202 Порядка совершения таможенных операций в отношении товаров для личного пользования, перемещаемых через таможенную границу Евразийского экономического союза, либо товаров для личного пользования, временно ввезенных на таможенную территорию Союза, выпуска таких товаров и отражения факта их признания не находящимися под таможенным контролем, утвержденного Решением Комиссии Таможенного союза от 18 июня 2010 г. № 311, изменения согласно приложению.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 12 мая 2022 г. № 73

ИЗМЕНЕНИЯ,

вносимые в пункт 202 Порядка совершения таможенных операций в отношении товаров для личного пользования, перемещаемых через таможенную границу Евразийского экономического союза, либо товаров для личного пользования, временно ввезенных на таможенную территорию Союза, выпуска таких товаров и отражения факта их признания не находящимися под таможенным контролем

      1. Часть первую после слов "иному лицу" дополнить словами "(физическому лицу, в том числе индивидуальному предпринимателю, юридическому лицу, организации, не являющейся юридическим лицом)".

      2. Часть вторую после слов "иному лицу" дополнить словами ", указанному в части первой настоящего пункта,".

      3. В части третьей:

      а) в абзаце первом слова "форме и содержат сведения о:" заменить словом "форме.";

      б) абзацы второй – четвертый исключить.

      4. После части третьей дополнить частями следующего содержания:

      "В заявлении о передаче временно ввезенного на таможенную территорию транспортного средства для личного пользования физическому лицу (за исключением индивидуального предпринимателя) должны содержаться сведения о:

      декларанте (фамилия, имя и отчество (при наличии), реквизиты документа, удостоверяющего личность);

      транспортном средстве для личного пользования (марка, модель, регистрационный номер, идентификационный номер, номер кузова (при наличии), номер шасси (при наличии), момент выпуска (дата изготовления) авто- и мототранспортного средства для личного пользования и (или) прицепа к авто- и мототранспортному средству для личного пользования, вид, регистрационный номер водного судна, воздушного судна);

      физическом лице, которому транспортное средство для личного пользования передается (фамилия, имя и отчество (при наличии), реквизиты документа, удостоверяющего личность, адрес места жительства (регистрации) и (или) места пребывания на территории государства – члена Союза, гражданство (подданство), дата рождения, а также сведения о постановке на учет в налоговом органе (при наличии) (в Республике Армения – номерной знак общественных услуг (НЗОУ), в Республике Беларусь – идентификационный номер (ИН), в Республике Казахстан – индивидуальный идентификационный номер (ИИН), в Кыргызской Республике – персональный идентификационный номер (ПИН), в Российской Федерации – идентификационный номер налогоплательщика (ИНН)).

      Разрешение на передачу временно ввезенного на таможенную территорию транспортного средства для личного пользования физическому лицу (за исключением индивидуального предпринимателя) отражается в декларации (в разделе "Для служебных отметок") или ином документе, оформленных таможенным органом при временном ввозе на таможенную территорию такого транспортного средства для личного пользования, путем внесения должностным лицом таможенного органа записи "Разрешена передача ТС для вывоза _____________" с указанием фамилии, имени и отчества (при наличии) физического лица, которому такое транспортное средство для личного пользования передается, и реквизитов документа, удостоверяющего его личность. Запись заверяется оттиском личной номерной печати должностного лица таможенного органа, выдавшего такое разрешение.

      В заявлении о передаче временно ввезенного на таможенную территорию транспортного средства для личного пользования юридическому лицу, организации, не являющейся юридическим лицом, индивидуальному предпринимателю должны содержаться сведения о:

      декларанте (фамилия, имя и отчество (при наличии), реквизиты документа, удостоверяющего личность);

      транспортном средстве для личного пользования (марка, модель, регистрационный номер, идентификационный номер, номер кузова (при наличии), номер шасси (при наличии), момент выпуска (дата изготовления) авто- и мототранспортного средства для личного пользования и (или) прицепа к авто- и мототранспортному средству для личного пользования, вид, регистрационный номер водного судна, воздушного судна);

      юридическом лице, организации, не являющейся юридическим лицом, индивидуальном предпринимателе, которым транспортное средство для личного пользования передается (наименование (краткое (сокращенное) или полное) юридического лица, организации, не являющейся юридическим лицом, либо фамилия, имя и отчество (при наличии) индивидуального предпринимателя, место нахождения юридического лица, организации, не являющейся юридическим лицом, либо адрес места жительства (регистрации) индивидуального предпринимателя, сведения о постановке на учет в налоговом органе (при наличии) (в Республике Армения – учетный номер налогоплательщика (УНН), в Республике Беларусь – учетный номер плательщика (УНП), в Республике Казахстан – бизнес-идентификационный номер (БИН) либо индивидуальный идентификационный номер (ИИН), в Кыргызской Республике – идентификационный налоговый номер (ИНН) либо персональный идентификационный номер (ПИН), в Российской Федерации – идентификационный номер налогоплательщика (ИНН) и код причины постановки на учет (КПП)), контактные реквизиты (номера телефона, факса, адрес электронной почты и т. п.);

      датах и номерах договора перевозки транспортного средства для личного пользования, транспортного (перевозочного) документа, которые подтверждаются договором перевозки транспортного средства для личного пользования, транспортным (перевозочным) документом.

      Разрешение на передачу временно ввезенного на таможенную территорию транспортного средства для личного пользования юридическому лицу, организации, не являющейся юридическим лицом, индивидуальному предпринимателю отражается в декларации (в разделе "Для служебных отметок") или ином документе, оформленных таможенным органом при временном ввозе на таможенную территорию такого транспортного средства для личного пользования, путем внесения должностным лицом таможенного органа записи "Разрешена передача ТС для вывоза ____________" с указанием наименования юридического лица, организации, не являющейся юридическим лицом, либо фамилии, имени и отчества (при наличии) индивидуального предпринимателя, которым такое транспортное средство для личного пользования передается, сведений об их постановке на учет в налоговом органе (при наличии), а также даты и номера договора перевозки транспортного средства для личного пользования, транспортного (перевозочного) документа. Запись заверяется оттиском личной номерной печати должностного лица таможенного органа, выдавшего такое разрешение.".

      5. Часть четвертую признать утратившей силу.

      6. Часть пятую изложить в следующей редакции:

      "Оригиналы заявления и декларации (иного документа) с разрешением таможенного органа на передачу временно ввезенного на таможенную территорию транспортного средства для личного пользования возвращаются декларанту для последующей передачи физическому лицу, в том числе индивидуальному предпринимателю, или представителю юридического лица, организации, не являющейся юридическим лицом, индивидуального предпринимателя, которым передается такое транспортное средство, либо непосредственно указанным лицам (в случае, если заявление подано данными лицами), а копия такого заявления и копия декларации (иного документа) остаются в таможенном органе.".

      7. Часть седьмую изложить в следующей редакции:

      "В случае, предусмотренном частью шестой настоящего пункта, оригинал заявления с разрешением таможенного органа на передачу временно ввезенного на таможенную территорию транспортного средства для личного пользования возвращается декларанту для последующей передачи физическому лицу, в том числе индивидуальному предпринимателю, или представителю юридического лица, организации, не являющейся юридическим лицом, индивидуального предпринимателя, которым передается такое транспортное средство, либо непосредственно указанным лицам (в случае, если заявление подано данными лицами), а копия такого заявления остается в таможенном органе.".