Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 88 Шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. КИ коды бар позициядан кейін кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер сыныптауышының 1-бөлімінің 1.1-кіші бөлімі (7-қосымша) мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 37 Шешіміне № 2 қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілген азық-түлік өнімдерін өндіру және өткізу үшін пайдаланылатын тауарларға қатысты әкелу кедендік бажын төлеуден босату | ЦР |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, электрондық өнімді өндіру үшін пайдаланылатын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 37 Шешіміне № 4 қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілген тауарларға қатысты әкелу кедендік бажын төлеуден босату | ЦЭ |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, цифрлық технологияларды дамыту мақсатында пайдаланылатын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 37 Шешіміне № 5-қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілген тауарларға қатысты әкелу кедендік бажын төлеуден босату | ЦЦ |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 37 Шешіміне № 6 қосымшаға сәйкес Тізбеге енгізілген тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарын төлеуден босату | ЦЛ |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, металлургия өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 37 Шешіміне 7-қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілген тауарларға қатысты әкелу кедендік бажын төлеуден босату | ЦМ |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 37 Шешіміне 8-қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілген, құрылыс саласында пайдаланылатын тауарларға қатысты әкелу кедендік бажын төлеуден босату | ЦС |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 37 Шешіміне № 9-қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілген, көлік саласында пайдаланылатын тауарларға қатысты әкелу кедендік бажын төлеуден босату | ЦТ |
ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 кодымен сыныпталатын және Армения Республикасына 2022 жылы 7 мың дана және 2023 жылы 8 мың дана, Беларусь Республикасына – 2022 жылы 10 мың дана және 2023 жылы 15 мың дана, Қазақстан Республикасына – 2022 жылы 10 мың дана және 2023 жылы 15 мың дана, Қырғыз Республикасына – 2022 жылы 5 мың дана және 2023 жылы 10 мың дана мөлшерінде әкелінетін электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарына қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату | ЦД". |
2. 02 коды бар позициядан кейін Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға мәлімделуі мүмкін тауарлар санаттарының сыныптауышында (27-қосымша) мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"03 | Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 37 Шешіміне № 2, 4 – 9-қосымшаларға сәйкес тізбелерге енгізілген тауарлар |