2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімі 3-тармағының 3.2.5-тармақшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) бірінші және үшінші абзацтардағы "2022 жылғы 30 маусымға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 31 қаңтарға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) екінші абзацтағы "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |