2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 28 маусымдағы № 95 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышында (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне 8-қосымша) 01121 коды бар позиция "тірі жануарларды," деген сөздерден кейін "судағы биологиялық ресурстарды," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия нөмірінің алғашқы үш белгісін қалыптастыру тәртібінде (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа № 2 қосымша) 2.6-бөлімнің нөмірі бар позиция "тірі жануарлар," деген сөздерден кейін "судағы биологиялық ресурстар," деген сөздермен толықтырылсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімінде:
а) 3-тармақтың төртінші абзацы "тірі жануарларды," деген сөздерден кейін "судағы биологиялық ресурстарды," деген сөздермен толықтырылсын.";
б) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.6-бөлімі (көрсетілген шешімге № 2 қосымша) мынадай редакцияда жазылсын:
"2.6. Жабайы тірі жануарлар, су биологиялық ресурстары*, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер және жабайы өсетін дәрілік шикізат
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. Жабайы тірі жануарлар | |
1.1. Жабайы жануарлар (ЕАЭО СЭҚ ТН 0106 19 009 3 кодымен сыныпталатын тірі бұлғындарды қоспағанда) | 01-тобынан |
1.2. Жабайы құстардың қауыздағы жұмыртқалары, жас | 0407-ден |
2. Су биологиялық ресурстар | |
2.1. Тірі балық (сәндік балықтан басқа) | 0301-ден |
2.2. Сауыттағы немесе сауытсыз тірі шаян тәріздестер, тірі (ЕАЭО СЭҚ ТН 0306 39 100 0 кодымен сыныпталатын тұщы су шаяндарын қоспағанда) | 0306-дан |
2.3. Қабыршақты немесе қабыршақсыз моллюскалар, тірі (ЕАЭО СЭҚ ТН 0307 60 900 0 кодымен сыныпталатын теңіз ұлуларынан басқа) | 0307-ден |
2.4. Шаян тәріздестер мен ұлулардан басқа, тірі су омыртқасыздары | 0308-ден |
2.5. Артемия жұмыртқалары (цисталар) (Аrtemia salina) | 0511 91 909 0-ден |
3. Жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер | |
3.1. Қарағай жаңғағы, қабықтағы және қабықсыз |
0802 91 000 |
3.2. Теңіз және басқа да балдырлар |
1212 21 000 0 |
4. Жабайы өсетін дәрілік шикізат | |
4.1. Негізінен парфюмерияда, фармацияда немесе инсектицидтік, фунгицидтік немесе ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын, жас немесе кептірілген, бүтін немесе ұсақталған, уақталған немесе ұнтақталған өсімдіктер мен олардың бөліктері (тұқымдар мен жемістерді қоса алғанда) | 1211-ден |
4.2. Парфюмерлік, фармацевтикалық, инсектицидтік, фунгицидтік және ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын өсімдік шырындары мен сығындылары | 1302-ден |
* Осы бөлімнің мақсаттары үшін су биологиялық ресурстары деп табиғатта ауланған (ауланған), сондай-ақ акваөсіруді (балық өсіруді) жүзеге асыру процесінде өндірілген гидробионттар түсініледі.
Бөлімге ескертпе. | Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын (физикалық және химиялық сипаттамаларын) да басшылыққа алу қажет."; |
в) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, жекелеген жабайы өсімдіктерді және жабайы өсетін дәрілік шикізатты әкету туралы ережеде (көрсетілген шешімге № 5 қосымша):
атауында "тірі жануарларды," деген сөздерден кейін "судағы биологиялық ресурстарды," деген сөздермен толықтырылсын";
мәтіні бойынша тиісті септіктегі "жабайы тірі жануарлар және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктер" деген сөздер тиісті септіктегі "тізбенің 2.6-бөліміндегі тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац "тірі жануарларды," деген сөздерден кейін "судағы биологиялық ресурстарды," деген сөздермен толықтырылсын";
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер тізбенің 2.6-бөліміндегі тауар да көрсетілген тізбенің 2.7-бөліміне енгізілген жағдайда, тізбенің 2.6-бөлімінен тиісті тауарларды әкету 1973 жылғы 3 наурыздағы Жойылып кету қаупі төніп тұрған жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияда көзделген тәртіпке сәйкес лицензия ресімделмей жүзеге асырылады.";
4-тармақта:
бірінші абзац "осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде тізбенің 2.6-бөліміндегі (тізбенің осы бөлімінің 1.1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда) бір түрдің 3 данасынан аспайтын мөлшердегі тауарлардың жекелеген үлгілерін, сондай-ақ салмағы 1 кг аспайтын қабықтағы қарағай жаңғақтарын, салмағы 0,5 кг аспайтын қабықсыз қарағай жаңғақтарын әкетуі кезінде қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу талап етілмейді.";
төртінші абзацтың күші жойылды деп танылсын.