Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 28 маусымдағы № 95 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 28 маусымдағы
№ 95 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышында (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне 8-қосымша) 01121 коды бар позиция "тірі жануарларды," деген сөздерден кейін "судағы биологиялық ресурстарды," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия нөмірінің алғашқы үш белгісін қалыптастыру тәртібінде (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа № 2 қосымша) 2.6-бөлімнің нөмірі бар позиция "тірі жануарлар," деген сөздерден кейін "судағы биологиялық ресурстар," деген сөздермен толықтырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімінде:

      а) 3-тармақтың төртінші абзацы "тірі жануарларды," деген сөздерден кейін "судағы биологиялық ресурстарды," деген сөздермен толықтырылсын.";

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.6-бөлімі (көрсетілген шешімге № 2 қосымша) мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.6. Жабайы тірі жануарлар, су биологиялық ресурстары*, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер және жабайы өсетін дәрілік шикізат

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

1. Жабайы тірі жануарлар

1.1. Жабайы жануарлар (ЕАЭО СЭҚ ТН 0106 19 009 3 кодымен сыныпталатын тірі бұлғындарды қоспағанда)

01-тобынан

1.2. Жабайы құстардың қауыздағы жұмыртқалары, жас

0407-ден

2. Су биологиялық ресурстар

2.1. Тірі балық (сәндік балықтан басқа)

0301-ден

2.2. Сауыттағы немесе сауытсыз тірі шаян тәріздестер, тірі (ЕАЭО СЭҚ ТН 0306 39 100 0 кодымен сыныпталатын тұщы су шаяндарын қоспағанда)

0306-дан

2.3. Қабыршақты немесе қабыршақсыз моллюскалар, тірі (ЕАЭО СЭҚ ТН 0307 60 900 0 кодымен сыныпталатын теңіз ұлуларынан басқа)

0307-ден

2.4. Шаян тәріздестер мен ұлулардан басқа, тірі су омыртқасыздары

0308-ден

2.5. Артемия жұмыртқалары (цисталар) (Аrtemia salina)

0511 91 909 0-ден

3. Жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер

3.1. Қарағай жаңғағы, қабықтағы және қабықсыз

0802 91 000
0802 92 000 0
0811 90 390 0-ден
0811 90 950 0-ден

3.2. Теңіз және басқа да балдырлар

1212 21 000 0
1212 29 000 0

4. Жабайы өсетін дәрілік шикізат

4.1. Негізінен парфюмерияда, фармацияда немесе инсектицидтік, фунгицидтік немесе ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын, жас немесе кептірілген, бүтін немесе ұсақталған, уақталған немесе ұнтақталған өсімдіктер мен олардың бөліктері (тұқымдар мен жемістерді қоса алғанда)

1211-ден

4.2. Парфюмерлік, фармацевтикалық, инсектицидтік, фунгицидтік және ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын өсімдік шырындары мен сығындылары

1302-ден

      * Осы бөлімнің мақсаттары үшін су биологиялық ресурстары деп табиғатта ауланған (ауланған), сондай-ақ акваөсіруді (балық өсіруді) жүзеге асыру процесінде өндірілген гидробионттар түсініледі.

Бөлімге ескертпе.

Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын (физикалық және химиялық сипаттамаларын) да басшылыққа алу қажет.";

      в) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, жекелеген жабайы өсімдіктерді және жабайы өсетін дәрілік шикізатты әкету туралы ережеде (көрсетілген шешімге № 5 қосымша):

      атауында "тірі жануарларды," деген сөздерден кейін "судағы биологиялық ресурстарды," деген сөздермен толықтырылсын";

      мәтіні бойынша тиісті септіктегі "жабайы тірі жануарлар және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктер" деген сөздер тиісті септіктегі "тізбенің 2.6-бөліміндегі тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші абзац "тірі жануарларды," деген сөздерден кейін "судағы биологиялық ресурстарды," деген сөздермен толықтырылсын";

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер тізбенің 2.6-бөліміндегі тауар да көрсетілген тізбенің 2.7-бөліміне енгізілген жағдайда, тізбенің 2.6-бөлімінен тиісті тауарларды әкету 1973 жылғы 3 наурыздағы Жойылып кету қаупі төніп тұрған жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияда көзделген тәртіпке сәйкес лицензия ресімделмей жүзеге асырылады.";

      4-тармақта:

      бірінші абзац "осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде тізбенің 2.6-бөліміндегі (тізбенің осы бөлімінің 1.1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда) бір түрдің 3 данасынан аспайтын мөлшердегі тауарлардың жекелеген үлгілерін, сондай-ақ салмағы 1 кг аспайтын қабықтағы қарағай жаңғақтарын, салмағы 0,5 кг аспайтын қабықсыз қарағай жаңғақтарын әкетуі кезінде қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу талап етілмейді.";

      төртінші абзацтың күші жойылды деп танылсын.

О внесении изменений в некоторые решения Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 28 июня 2022 года № 95.


      О внесении изменений в некоторые решения Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии

      В соответствии со статьей 46 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и пунктами 4 и 37 Протокола о мерах нетарифного регулирования в отношении третьих стран (приложение № 7 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Внести в решения Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии изменения согласно приложению.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 60 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии       М. Мясникович

      ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 28 июня 2022 г. № 95

      ИЗМЕНЕНИЯ,

      вносимые в решения Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии

      1. В классификаторе видов документов и сведений (приложение № 8 к Решению Комиссии Таможенного союза от 20 сентября 2010 г. № 378) позицию с кодом 01121 после слов "живых животных," дополнить словами "водных биологических ресурсов,".

      2. Утратил силу решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 14.11.2023 № 165 (вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования, но не ранее даты вступления в силу Решения Совета Евразийской экономической комиссии от 24 ноября 2023 г. № 125 "Об утверждении Правил выдачи лицензий и разрешений на экспорт и (или) импорт товаров, включенных в единый перечень товаров, к которым применяются меры нетарифного регулирования в торговле с третьими странами").

      3. В Решении Коллегии Евразийской экономической комиссии от 21 апреля 2015 г. № 30 "О мерах нетарифного регулирования":

      а) абзац четвертый пункта 3 после слов "живых животных," дополнить словами "водных биологических ресурсов,";

      б) раздел 2.6 перечня товаров, в отношении которых установлен разрешительный порядок ввоза на таможенную территорию Евразийского экономического союза и (или) вывоза с таможенной территории Евразийского экономического союза (приложение № 2 к указанному Решению) изложить в следующей редакции:

      "2.6. Дикие живые животные, водные биологические ресурсы*, отдельные дикорастущие растения и дикорастущее лекарственное сырье

Наименование товара

Код ТН ВЭД ЕАЭС

1. Дикие живые животные

1.1. Дикие животные (за исключением соболей живых, классифицируемых кодом 0106 19 009 3 ТН ВЭД ЕАЭС)

из группы 01

1.2. Яйца диких птиц, в скорлупе, свежие

из 0407

2. Водные биологические ресурсы

2.1. Живая рыба (кроме декоративной рыбы)

из 0301

2.2. Ракообразные, в панцире или без панциря, живые (за исключением пресноводных раков, классифицируемых кодом 0306 39 100 0 ТН ВЭД ЕАЭС)

из 0306

2.3. Моллюски, в раковине или без раковины, живые (за исключением улиток, кроме морских, классифицируемых кодом 0307 60 900 0 ТН ВЭД ЕАЭС)

из 0307

2.4. Водные беспозвоночные, кроме ракообразных и моллюсков, живые

из 0308

2.5. Яйца (цисты) артемий (Аrtemia salina)

из 0511 91 909 0

3. Отдельные дикорастущие растения

3.1. Кедровые орехи, в скорлупе и без скорлупы

0802 91 000

0802 92 000 0

из 0811 90 390 0

из 0811 90 950 0

3.2. Морские и прочие водоросли

1212 21 000 0

1212 29 000 0

4. Дикорастущее лекарственное сырье

4.1. Растения и их части (включая семена и плоды), используемые главным образом в парфюмерии, фармации или инсектицидных, фунгицидных или аналогичных целях, свежие или сушеные, целые или измельченные, дробленые или молотые

из 1211

4.2. Соки и экстракты растительные, используемые в парфюмерных, фармацевтических, инсектицидных, фунгицидных и аналогичных целях

из 1302

* Для целей настоящего раздела под водными биологическими ресурсами понимаются гидробионты, добытые (выловленные) в дикой природе, а также произведенные в процессе осуществления аквакультуры (рыбоводства).

Примечание к разделу.

Для целей настоящего раздела необходимо руководствоваться как кодом ТН ВЭД ЕАЭС, так и наименованием (физическими и химическими характеристиками) товара.";

      в) в Положении о вывозе с таможенной территории Евразийского экономического союза диких живых животных, отдельных дикорастущих растений и дикорастущего лекарственного сырья (приложение № 5 к указанному Решению):

      наименование после слов "живых животных," дополнить словами "водных биологических ресурсов,";

      по тексту слова "дикие живые животные и (или) дикорастущие растения" в соответствующем падеже заменить словами "товары из раздела 2.6 перечня" в соответствующем падеже;

      в пункте 1:

      абзац первый после слов "живых животных," дополнить словами "водных биологических ресурсов,";

      абзац второй изложить в следующей редакции:

      "В случае если товар из раздела 2.6 перечня также включен в раздел 2.7 указанного перечня, вывоз соответствующих товаров из раздела 2.6 перечня осуществляется без оформления лицензии в соответствии с порядком, предусмотренным Конвенцией о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения, от 3 марта 1973 года.";

      в пункте 4:

      абзац первый дополнить словами ", за исключением случаев, предусмотренных настоящим пунктом";

      абзац второй изложить в следующей редакции:

      "Получение заключения (разрешительного документа) при вывозе физическими лицами в качестве товаров для личного пользования единичных образцов товаров из раздела 2.6 перечня (за исключением указанных в пункте 1.1 данного раздела перечня) в количестве не более 3 экземпляров одного вида, а также кедровых орехов в скорлупе весом не более 1 кг, кедровых орехов без скорлупы весом не более 0,5 кг не требуется.";

      абзац четвертый признать утратившим силу.