2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің (аталған Шешімге № 2 қосымша) 2.10-бөлімінің 1-кестесі мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Негізінен бағалы металдарды алу үшін пайдаланылатын электротехникалық және электрондық бұйымдардың қалдықтары мен сынықтары |
8549 21 000 0 |
б) Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеде (аталған Шешімге № 14 қосымша):
3-тармақтың он үшінші абзацы "қалдықтары мен сынықтары," деген сөздерден кейін "негізінен бағалы металдарды алу үшін пайдаланылатын тауарлардың қалдықтары мен сынықтары," деген сөздермен толықтырылсын;
Бағалы металдарға және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларының (аталған Ережеге № 2 қосымша) 13-тармағының "д" тармақшасы "сынықтары мен қалдықтары," деген сөздерден кейін "негізінен бағалы металдарды алу үшін пайдаланылатын тауарлардың қалдықтары мен сынықтары," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |