2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға № 1 қосымшада:
а) 2-графаның 56-позициясындағы "1212 99 950 0-ден" деген сөздер "1212 99 950 9-дан"деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 3-графаның 741, 742, 81, 811 және 813-позицияларындағы "8" деген сілтеме белгісі "9" деген сілтеме белгісімен ауыстырылсын;
в) сілтемелердегі "8-қоспағанда" деген сөздер "9-қоспағанда" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім 1-тармақтың "а" тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 29 наурыздағы № 52 шешімі күшіне енетін күннен ерте емес күшіне енеді.
Осы Шешімнің 1-тармағының "а" тармақшасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне ЕАЭО СЭҚ ТН 1212 99 950 0 кодын жаңартып отыру бөлігінде өзгеріс енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |