Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға № 1 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 18 қазандағы № 149 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға № 1 қосымшада:

      а) 2-графаның 56-позициясындағы "1212 99 950 0-ден" деген сөздер "1212 99 950 9-дан"деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 3-графаның 741, 742, 81, 811 және 813-позицияларындағы "8" деген сілтеме белгісі "9" деген сілтеме белгісімен ауыстырылсын;

      в) сілтемелердегі "8-қоспағанда" деген сөздер "9-қоспағанда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім 1-тармақтың "а" тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 29 наурыздағы № 52 шешімі күшіне енетін күннен ерте емес күшіне енеді.

      Осы Шешімнің 1-тармағының "а" тармақшасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне ЕАЭО СЭҚ ТН 1212 99 950 0 кодын жаңартып отыру бөлігінде өзгеріс енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады