Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 59 шешімімен бекітілген Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында ақпарат алмасу тәртібінің 5-тармағының "ж" – "и" тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"ж) мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары (2 жылда 1 рет);
з) мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын іске асыру туралы есеп (2 жылда 1 рет);
и) мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі (2 жылда 1 рет);".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |