Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және (немесе) тауарлары шығарылған жерлердің атауын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты заңдық маңызы бар іс-қимылдарды жасау кезінде төленетін баж түрлерінің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.
2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.
3. Мынадай:
анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;
анықтамалықтың кодтық белгілемелерін пайдалану зияткерлік меншік саласында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыру кезінде міндетті деп белгіленсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 190 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және (немесе) тауарлары шығарылған жерлердің атауын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты заңдық маңызы бар іс-қимылдарды жасау кезінде төленетін баж түрлерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
I. Анықтамалықтан егжей-тегжейлі мәліметтер
1-кесте
Баж түрінің коды | Баж түрінің атауы | Баж төленетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосы |
1010 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге өтінім бергені үшін баж | БВ |
1020 | Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісін тіркеуге өтінім бергені үшін баж | БВ |
1030 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне өтінімді алдын ала сараптау сатысында беру ведомствосының сұрау салуына жауап беру мерзімін ұзартқаны үшін баж | БВ |
1040 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі (ұжымдық белгі) ретінде тіркеуге мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін баж (егер 1957 жылғы 15 маусымдағы Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы туралы Ницца келісімінде көзделген Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасының бір - үш сыныбы үшін тіркеу сұратылса) | ІВ |
1050 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі (ұжымдық белгі) ретінде тіркеуге мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін баж (егер 1957 жылғы 15 маусымдағы Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы туралы Ницца келісімінде көзделген Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасының үш сыныбынан астамы үшін тіркеу сұратылса) | ІВ |
1060 | Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісіне арналған өтінімді Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне арналған өтінімге өзгерткені үшін баж | БВ |
1070 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне арналған өтінімді Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісіне арналған өтінімге өзгерткені үшін баж | БВ |
1080 | Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісін Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне өзгерткені үшін баж | БВ |
1090 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісіне өзгерткені үшін баж | БВ |
1100 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне (ұжымдық белгісіне) арналған өтінімге өзгерістер енгізгені үшін баж | БВ |
1110 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне (ұжымдық белгісіне) арналған өтінімді сараптау нәтижелері туралы хабарламаға байланысты дәлелдер мен ескертулерді жіберу үшін қосымша мерзім бергені үшін баж | БВ |
1120 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін (ұжымдық белгісін) тіркегені және Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне (ұжымдық белгісіне) куәлік бергені үшін баж | БВ |
1130 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің, қызмет көрсету белгілерінің бірыңғай тізілімінің мәліметтеріне өзгерістер енгізгені үшін баж | БВ |
1140 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне айрықша құқыққа өкімді тіркегені үшін баж | ТВ |
1150 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне (ұжымдық белгісіне) айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзартқаны үшін баж | БВ |
1160 | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне (ұжымдық белгісіне) айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш беруге қосымша 6 ай мерзім бергені үшін баж | БВ |
2010 | Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын және мәлімделген белгілеменің сараптамасын тіркеуге және (немесе) пайдалану құқығын беруге өтінім бергені үшін баж | БВ |
2020 | Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын тіркеуге және (немесе) пайдалану құқығын беруге арналған өтінімге өзгерістер енгізгені үшін баж | БВ |
2030 | Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын тіркегені және (немесе) пайдалану құқығы туралы куәлікті бергені үшін баж | ІВ |
2040 | Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары шығарылған жерлер атауының бірыңғай тізілімінің мәліметтеріне өзгерістер енгізгені үшін баж | БВ |
2050 | Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзартқаны үшін баж | ІВ |
2060 | Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш беруге қосымша 6 ай мерзім бергені үшін баж | БВ |
2070 | Еуразиялық экономикалық одақ тауарының шығарылған жерінің атауын тіркегені және пайдалану құқығы туралы куәлікті бергені үшін баж (2020 жылғы 3 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлары шығарылған жерлердің атауы туралы шарт күшіне енгенге дейін тіркелген тауарлардың шығарылған жерлерінің атауына қатысты) | ІВ |
Ескертпе. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің баж төленетін ұлттық патенттік ведомствосы үшін осы анықтамалықтың 2-кестесіне сәйкес кодтық белгілеме көрсетіледі.
2-кесте
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің баж төленетін ұлттық патенттік ведомствосына қатысты бөлігінде анықтамалықтан алынған егжей-тегжейлі мәліметтер
Кодтық белгілеме | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің баж төленетін ұлттық патенттік ведомствосы |
БВ | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге өтінім немесе Еуразиялық экономикалық одақ тауары шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) пайдалану құқығын беруге арналған өтінім берілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосы |
ІВ | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттердің ұлттық патенттік ведомстволары |
ТВ | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне айрықша құқыққа өкімді тіркеу жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосы |
II. Анықтамалық паспорты
№ п/п | Элементтің белгілемесі | Сипаты |
1 | 2 | 3 |
1 | Коды | 1042 |
2 | Типі | 1 – анықтамалық |
3 | Атауы | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және (немесе) тауарлары шығарылған жерлердің атауын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты заңдық маңызы бар іс-қимылдарды жасау кезінде төленетін баж түрлерінің анықтамалығы |
4 | Аббревиатурасы | ТБТШЖАБТА |
5 | Белгілемесі | ЕО 042 - 2022 (1-ред.) |
6 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 190 шешімі |
7 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастаған) күні | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 190 шешімінің күшіне ену күні |
8 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері | – |
9 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталған күні | – |
10 | Оператор (операторлар) | Еуразиялық экономикалық комиссия |
11 | Мақсаты | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және (немесе) тауарлары шығарылған жерлердің атауын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты заңдық маңызы бар іс-қимылдарды жасау кезінде төленетін баж түрлері туралы мәліметтерді жүйелеу және кодтау |
12 | Аннотациясы (қолданылу саласы) | анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілерін және Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары шығарылған жерлердің атауын тіркеу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған |
13 | Түйін сөз | Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, Еуразиялық экономикалық одақтың ұжымдық белгісі, Еуразиялық экономикалық одақтың тауары шығарылған жердің атауы, беру ведомствосы, ұлттық патенттік ведомствосы, баж |
14 | Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала | зияткерлік меншік |
15 | Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану | 2 – анықтамалықтың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) баламалары жоқ |
16 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) бар-жоғы | 2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламасы жоқ |
17 | Жүйелеу (сыныптау) әдісі | 1 – жүйелеудің реттік әдісі |
18 | Жүргізу әдістемесі | 1 – анықтаманы жүйелеудің орталықтандырылған әдісі. Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды оператор Еуразиялық экономикалық одақ органының актісіне сәйкес орындайды. Мәні алып тасталған жағдайда, анықтамалықтың жазбасы алып тасталған күнінен бастап қолданылмайтын болып белгіленеді, Еуразиялық экономикалық одақ органының анықтамалық жазбаның жарамдылығының аяқталуын регламенттейтін актісі туралы мәліметтер көрсетіледі. Анықтамалық кодтары бірегей болып табылады, анықтамалық кодтарын, оның ішінде жарамсыз кодтарды қайта пайдалануға жол берілмейді |
19 | Құрылымы | анықтамалық құрылымының сипаты (құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру ережесі) осы анықтамалықтың III бөлімінде келтірілген |
20 | Деректердің құпиялылық дәрежесі | анықтамалықтағы мәліметтер ашық қолжетімді ақпаратқа жатады |
21 | Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі | белгіленбеген |
22 | Өзгерістер | – |
23 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме | анықтамалықтан егжей-тегжейлі мәліметтер осы анықтамалықтың I бөлімінде келтірілген |
24 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі | Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау |
III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы
1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.
2. Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда келесі бағандар (графалар) қалыптастырылады:
"деректеме атауы – реттік нөмірі және деректеменің қалыптасқан немесе ресми сөз арқылы белгілемесі;
"деректеме мәнінің саласы" – деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің сөз арқылы сипатталуы;
"көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілік (опционалдық) және деректемелердің ықтимал қайталану саны).
3. Берілетін деректер деректемелерінің көп рет қайталануын көрсету үшін мынадай белгілемелер пайдаланылады:
1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;
n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);
1..* – элемент міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;
n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (N > 1);
n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен артық емес қайталануға тиіс (N > 1, m > n);
0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;
0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;
0..m – деректеме опционалды, m реттен асырмай қайталануы мүмкін (m > 1).
Кесте
Анықтамалықтың құрылымы және деректемелік құрамы
Деректеме атауы | Деректеме мәнінің саласы | Деректемені қалыптастыру қағидалары | Көпт. |
1. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және (немесе) тауарлары шығарылған жерлердің атауын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасау кезінде төленетін баж түрі | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады | 1..* |
1.1. Баж түрінің коды |
символдар жолы. | кодтық белгілеме сериялық-реттік әдіспен қалыптастырылады | 1 |
1.2. Баж түрінің атауы |
символдар жолы. | атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады | 1 |
1.3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің баж төленетін ұлттық патенттік ведомствосы |
символдар жолы. | кодтық белгілеме осы анықтамалықтың 2-кестесіне сәйкес қалыптастырылады | 0..1 |
1.4. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады | 1 |
1.4.1. Іс-қимылдың басталу күні | 8601-2001 ИСО МЕМСТ сәйкес YYYY-MM-DD форматында күні | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген іс-қимылдың басталу күніне немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді | 1 |
1.4.2. Іс-қимылдың басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады | 1 |
1.4.2.1. Акт түрінің коды |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісі түрінің кодтық белгілемесі | 1 |
1.4.2.2. Акт нөмірі |
символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
1.4.2.3. Акт күні | 8601-2001 ИСО МЕМСТ сәйкес YYYY-MM-DD форматында күні | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді | 1 |
1.4.3. Іс-қимылдың аяқталу күні | 8601-2001 ИСО МЕМСТ сәйкес YYYY-MM-DD форматында күні | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген іс-қимылдың аяқталу күніне сәйкес келеді | 0..1 |
1.4.4. Іс-қимылдың аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады | 0..1 |
1.4.4.1. Акт түрінің коды |
символдардың қалыпқа келтірілген жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісі түрінің кодтық белгілемесі | 1 |
1.4.4.2. Акт нөмірі |
символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
1.4.4.3. Акт күні | 8601-2001 ИСО МЕМСТ сәйкес YYYY-MM-DD форматында күні | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген іс-қимылдың аяқталу күніне сәйкес келеді | 1 |