Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 58 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жүргізілген қайта тергеу нәтижелері бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 58 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның Украинадан шығатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ферросиликомарганецке қатысты қолданылуы 2027 жылғы 5 желтоқсанға дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 58 шешімінде көзделген мөлшерде демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 24 тамыздағы № 108 шешіміне сәйкес алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомаларын демпингке қарсы бажға есепке жатқызуды және ол төленген (өндіріп алынған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызуды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
3. "Украинадан шығарылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ферросиликомарганецке қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзарту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 24 тамыздағы № 108 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |