2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мыналар:
а) оған қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 147 шешімімен өзгерістер енгізілген, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен қабылданған "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінде (КО ТР 007/2011) (бұдан әрі – техникалық регламент) белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы 2023 жылғы 26 наурызға дейін берілген немесе тіркелген құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады деп;
б) оған қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 147 шешімімен техникалық регламентте белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын өзгерістер енгізілген балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімді мемлекеттік тіркеу туралы 2023 жылғы 26 наурызға дейін берілген құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ қоса алғанда 2028 жылғы 25 наурыздан кешіктірмей жарамды болады деп;
в) осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі деп;
г) осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналысқа шығарылған, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімнің айналысына осы өнімнің жарамдылық мерзімі (қызмет ету мерзімі) ішінде жол беріледі деп белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |