Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қытай Халық Республикасынан шығатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 8481 80 631 0, 8481 80 632 0 және 8481 80 639 0 кодтарымен сыныпталатын, номиналды диаметрі 50 мм-ден қоса алғанда 1 000 мм-ге дейін, номиналды қысымы 16 кгс/см2-дан қоса алғанда 250 кгс/см2-ге дейін болатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін болат сыналы ысырмаларға қатысты № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерлерде демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылсын, осы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі 5 жыл болып белгіленсін.
2. Осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж Neway Valve (Suzhou) Co., Ltd. өндірушісі дайындайтын, осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тауарға қатысты төленбейді деп белгіленсін, бұл ретте осындай тауарлар декларантында тауарларға арналған декларацияны тіркеу күні аталған өндірушінің уәкілетті қызметкері қол қойған және осындай өндірушінің мөрімен куәландырылған № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіруші сертификаты болуы және осындай сертификат туралы мәліметтер кеден органына берген кезде тауарларға арналған декларацияда мәлімделуі керек.
3. Neway Valve (Suzhou) Co., Ltd. өндірушісі қабылдаған баға міндеттемелері мақұлдансын (міндеттемелер ұсынылған хаттың Еуразиялық экономикалық комиссияда тіркелген күні мен нөмірі: 2022 жылғы 18 қараша, № ДЗВР-430конф/AD-35).
4. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарына Neway Valve (Suzhou) Co., Ltd. өндірушісі уәкілетті қызметкерлері қолдарының және мөрлері бедерлерінің үлгілерін жіберсін;
осы Шешімде көзделген баға міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырсын.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын да, тауардың атауын да басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.
6. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Демпингке қарсы баж ставкаларының мөлшері
Тауардың атауы | Өндіруші | Демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік құнның пайызы) |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 шешімінің 1-тармағында көрсетілген болат сыналы ысырмалар | Neway Valve (Suzhou) Co., Ltd. (заңды мекенжайы: No. 666 Taishan Road, Suzhou New District, China 215129) | 25,57 |
Yuanda Valve Group Co., Ltd. (заңды мекенжайы: Yincun industrial district, Longyao Сounty, Xingtai Сity, Hebei Province, China) | 29,73 | |
Zhejiang Neoval Valve Co., Ltd. (заңды мекенжайы: Dongou Industrial Zone, Oubei Street, Yongjia County, Wenzhou City, Zhejiang Province, China) | 36,23 | |
өзгелері | 36,23 |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
(нысан)
ӨНДІРУШІ СЕРТИФИКАТЫ
1. Өндіруші (атауы, мекенжайы) | 2. Сертификаттың реттік нөмірі және берілген күні | ||||
3. Экспорттаушы (атауы, мекенжайы) | ӨНДІРУШІ СЕРТИФИКАТЫ | ||||
4. Межелі ел | |||||
5. Импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің резиденті (атауы, мекенжайы) | 6. Инвойс (нөмірі, күні) | ||||
7. ЕАЭО СЭҚ ТН коды | 8. Көлік құралының нөмірі | ||||
9. Тауар туралы мәліметтер | |||||
№ п/п | Тауардың сипаты, басқа да ескертпелер (міндеттемелерге сәйкес тауар түрлері көрсетіледі – болат түрі, қысымы мен диаметрі) | Саны (дана) | Бағасы (АҚШ доллары-мен) | Құны (АҚШ долларымен) | |
10. Мен, төменде қол қоюшы, осы сертификаттың 9-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспорттау мақсатында сату қабылданған міндеттемелер сақтала отырып жасалатынын растаймын. Мен осы сертификатта көрсетілген мәліметтер толық әрі дәл екенін растаймын. |
Ескертпе:
1. Сертификаттың орыс немесе ағылшын тілінде толтырылатын 1 және 3-тармақтарын қоспағанда, сертификат орыс тілінде баспа тәсілімен толтырылады.
2. Сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап күнтізбелік 90 күнді құрайды.
3. Сертификаттың 4-тармағында Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес межелі ел көрсетіледі.
4. Сертификаттың 6-тармағында кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын инвойстың нөмірі мен күні көрсетіледі.
5. Сертификаттың 8-тармағында тауар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін көлік құралының тіркеу нөмірі көрсетіледі.
6. Сертификаттың 9-тармағында тауардың бір данасы үшін бағасы және міндеттемелерде көзделген сату схемасына сәйкес тауарды сатып алушы іс жүзінде төлеген немесе төлеуге тиіс тауардың құны цифрлармен көрсетіледі.
7. Түзетулер және (немесе) толықтырулар қате ақпаратты сызып тастау және түзетілген мәліметтерді басу арқылы сертификатқа енгізіледі, ол өндірушінің мөрімен куәландырылады.
8. Сертификатта адамдардың қолының факсимилесін пайдалануға, сондай-ақ осы ескертпелердің 7-тармағында көрсетілген тәртіппен куәландырылмаған өшірулердің, түзетулердің және (немесе) толықтырулардың болуына жол берілмейді.
9. Сертификат мынадай:
сертификаттың қолданылу мерзімі біткен;
сертификат нысаны осы қосымшада көзделген нысанға сәйкес келмеген және (немесе) сертификат осы ескертпелердің 1 – 8-тармақтарының талаптарына сәйкес толтырылмаған;
сертификатта көрсетілген мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге сәйкес келмеген және (немесе) тауарды бірмәнді сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік бермеген;
сертификатқа қойылған қол және (немесе) мөр кеден органындағы қолдардың және (немесе) мөр бедерлерінің үлгілеріне сәйкес келмеген жағдайларда жарамсыз деп танылады.