Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) (бұдан әрі – Хаттама) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Грузиядан шығатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 7202 30 000 0 кодымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ферросиликомарганецке қатысты қосымшаға сәйкес мөлшерде демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылсын, осы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін 5 жыл болып белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті:
Еуразиялық экономикалық одақтағы ферросиликомарганец өндірушілерінің атына CRU Bulk Ferroalloy Monitor басылымының деректері бойынша ферросиликомарганецке әлемдік бағаларды ескере отырып, баға дәліздерін белгілеу бойынша ұсынымдар (іс-қимыл шарттары) жіберсін және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырсын;
осы тармақтың екінші абзацында көзделген ұсынымдарға (іс-қимыл шарттарына) сәйкес белгіленген баға дәліздерінің қатарынан күнтізбелік екі тоқсан бойы сақталмау фактісі анықталған жағдайда, Хаттаманың 110-тармағына сәйкес осы Шешімде белгіленген демпингке қарсы шараны қайта қарауға бастамашы болсын, бұл ретте Хаттаманың 272-тармағына сәйкес қайта қарау аяқталғанға дейін көрсетілген демпингке қарсы шараны қолданбау көзделсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 201 шешіміне ҚОСЫМША |
Демпингке қарсы баж ставкаларының мөлшері
Тауардың атауы | Өндіруші | Демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік құнның пайызы) |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 201 шешімінің 1-тармағында көрсетілген ферросиликомарганец | "Джорджиан Манганези" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (заңды мекенжайы: Грузия, Тбилиси қ., Сабурталин ауданы, Мераба Алексидзе к-сі № 12, № 39 кеңсе алаңы, 8-қабат, "б" блогы) | 21,40 |
"Чиатурманганум Джорджия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (заңды мекенжайы: Грузия, Тержолин ауданы, Нахширгеле ауылы; нақты мекенжайы: Грузия, Тбилиси қ., Шавгулидзе к-сі, № 1) | 24,22 | |
өзгелері | 24,22 |