2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 56-бабының 3-тармағын орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының "Санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шаралардың баламалылығы туралы және тәуекелді бағалауды жүргізу туралы" 2011 жылғы 18 қазандағы № 835 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 205 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 835 шешіміне енгізілетін өзгерістер
1. Атауындағы "ветеринариялық" деген сөз "ветеринариялық-санитариялық" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 1-тармақта:
а) бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) басқа мемлекеттердің санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шараларын, егер мұндай шаралар Одақтың және (немесе) мүше мемлекеттердің шараларынан өзгеше болса, экспорттаушы мемлекет мынадай болған жағдайда баламалы деп тануға тиіс:";
б) екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"- оның шаралары Одақтың санитариялық және (немесе) ветеринариялық қорғалуының немесе мүше мемлекеттің фитосанитариялық қорғалуының тиісті деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретінін объективті түрде дәлелдесе;";
в) үшінші абзацтағы "Кеден одағына мүше мемлекеттерге" деген сөздер "мүше мемлекеттерге" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Мәтін бойынша "Тарап" деген сөз тиісті түрдегі және септіктердегі "мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын (көрсетілген Шешімнің 17-тармағын қоспағанда).
4. 2-тармақтағы "ветеринариялық" деген сөз "ветеринариялық-санитариялық" деген сөзбен ауыстырылсын.
5. 3-тармақта:
а) бірінші және жетінші абзацтардағы "Кеден одағы" деген сөздер тиісті септіктегі "Одақ" деген сөзбен ауыстырылсын;
б) оныншы абзацтағы "ресми" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын.
6. 4-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
7. 5-тармақтағы "ол бұл туралы уәкілетті органдарды хабардар етуі тиіс" деген сөздер "ол бұл туралы құзыретті органдарды хабардар етуі тиіс" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 101-тармақтағы "Халықаралық эпизоотиялық бюро" деген сөздер "Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 103-тармақтағы "импорттаушы мемлекет" деген сөздер "импорттаушы болып табылатын мүше мемлекет (бұдан әрі – импорттаушы мемлекет)" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 105-тармақтағы "Кеден одағының аумағына" деген сөздер "Одақтың кедендік аумағына" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. 11-тармақтағы "ветеринариялық" деген сөз "ветеринариялық-санитариялық" деген сөзбен ауыстырылсын.
12. 12-тармақтағы "ветеринариялық" деген сөз "ветеринариялық-санитариялық" деген сөзбен ауыстырылсын, "Халықаралық эпизоотиялық бюро" деген сөздер "Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. Мынадай мазмұндағы 121- тармақпен толықтырылсын:
"121. Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шараларды негіздеу кезінде мүше мемлекет басқа мүше мемлекет, үшінші ел немесе халықаралық ұйым жүргізген тәуекелді бағалауды пайдалана алады.".