Кеден Одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 14 шешімі.

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 12-қосымша) 18-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 50-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 Шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерінің дайындығына қарай Одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру мақсаттары үшін:

      электрондық түрде ресімделген құжаттарды (фитосанитариялық сертификатты, көліктік (тасымалдау) құжаттарды, карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге арналған рұқсатты, карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) актісін, өнімді қайтару туралы ұйғарымды, өнімге залалсыздандыру жүргізу туралы актіні, өнімді жою туралы актіні) пайдалануға;

      карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелерін электрондық түрде ресімдеуге рұқсат етіледі деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Кожошев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 18 ақпандағы
№ 14 Шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден Одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №318 Шешіміне енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеде:

      а) 3.1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификатты карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) мақсаттары үшін ақпараттық жүйені пайдалану арқылы экспорттаушы (кері экспорттаушы) елдің уәкілетті органы береді.";

      б) 3.2-тармақтың үшінші абзацы "экспорттаушы елдің" деген сөзден кейін "қағаз жеткізгіште ресімделген" деген сөздермен толықтырылсын";

      в) мынадай мазмұндағы 3.31-тармақпен толықтырылсын:

      "3.31. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес ұсынылған алдын ала ақпарат пайдаланылуы мүмкін.";

      г) 3.10-тармақта:

      1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырған уәкілетті органның лауазымды адамының:

      фитосанитариялық сертификат (ол болған кезде) және көліктік (тасымалдау) құжат қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – № 1 қосымшаға сәйкес фитосанитариялық сертификатқа (ол болған кезде) және көліктік (тасымалдау) құжатқа тиісті мөртабан;

      фитосанитариялық сертификат және (немесе) көліктік (тасымалдау) құжат электронды түрде ұсынылған жағдайда – № 11 қосымшаға сәйкес ақпараттық жүйені пайдалану арқылы белгілер қою;";

      2-тармақша "(қадағалау) актісін" деген сөздерден кейін "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде) нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      д) мынадай мазмұндағы 3.101 -тармақпен толықтырылсын:

      "3.101. Фитосанитариялық сертификат және (немесе) көліктік (тасымалдау) құжат электрондық түрде ұсынылған жағдайда, карантиндік фитосанитариялық бақылаудың (қадағалаудың) нәтижелері туралы ақпарат басқа бақылаушы органдарға және құжаттар мен мәліметтерді ұсынған тұлғаға ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.";

      е) 4.1.1-тармақта:

      1-тармақ "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) карантинге жатқызылған өнімнің әкелінетін партиясына қағаз жеткізгіште ресімделген фитосанитариялық сертификат (қажет болған кезде ол уәкілетті органның лауазымды адамына берілетін мүше мемлекеттің мемлекеттік тіліне (мемлекеттік тілдеріне) аудара отырып) немесе сүректі буып-түю және бекіту материалдарын әкелу жағдайларын (бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарда көзделген, осы материалдарға өңдеу жүргізуді сүректің бүкіл қалыңдығы бойынша жылыту немесе фумигациялау жүргізілгенін растайтын нысандардың бірі бойынша таңбалау болған кезде), сондай-ақ бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарда көзделген жағдайларды қоспағанда, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім партиясын әкелген жағдайда – электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттың нөмірі, күні және берілген елі туралы мәліметтер.

      Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы ақпараттық жүйені пайдалана отырып, электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттың бар-жоғын тексереді.

      Егер карантинге жатқызылған өнім партиясын кедендік ресімдеуді аяқтау орны басқа мүше мемлекетте орналасқан жағдайда, бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамы осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген мәліметтер негізінде ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы арқылы электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттың бар-жоғын растайды;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді әкелуге қағаз жеткізгіште ресімделген рұқсаттың немесе карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге электрондық түрде ресімделген рұқсаттың нөмірі, берілген күні және оны берген уәкілетті органның атауы туралы мәліметтер.

      Уәкілетті органның лауазымды адамы ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді әкелуге электрондық түрде ресімделген рұқсаттың болуын ақпараттық жүйені пайдалана отырып, тексереді.";

      ж) "фитосанитариялық сертификаттың" деген сөздің алды "қағаз жеткізгіште ресімделген" деген сөздермен толықтырылсын";

      з) 6.2-тармақтың екінші абзацы "ұйғарым" деген сөзден кейін "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      и) 6.3-тармақтың екінші абзацы "акті" деген сөзден кейін "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      к) 6.4-тармағының акінші абзацы "акті" деген сөзден кейін "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      л) 8.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.2. Егер мүше мемлекеттің бірі карантинге жатқызылған өнімнің партиясына берген, қағаз жеткізгіште ресімделген фитосанитариялық сертификаттың импорттаушы елдің талаптарына сәйкес айқындалған қолдану мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан кесіп өткен кезде аяқталған жағдайда, аумағында бару орны орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы электронды түрде ресімделуі мүмкін өнімнің меншік иесінің өтініші бойынша карантинге жатқызылатын өнімнің әкетілетін партиясына қағаз жеткізгіштегі жаңа электрондық сертификатты ресімдейді, бұл ретте қағаз жеткізгіште ресімделген, қолдану мерзімі өтіп кеткен фитосанитариялық сертифкаттың түпнұсқасы қоса беріледі және карантинге жатқызылатын өнімнің осы партиясының карантиндік фитосанитариялық жағдайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілмейді.";

      м) мынадай мазмұндағы 8.21-тармағымен толықтырылсын:

      "8.21. Егер мүше мемлекеттің бірі карантинге жатқызылған өнімнің партиясына берген, электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертифкаттың импорттаушы елдің талаптарына сәйкес айқындалған қолдану мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан кесіп өткен кезде аяқталған жағдайда, аумағында бару орны орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы өнімнің меншік иесінің өтініші бойынша және электронды түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттың күні мен нөмірі туралы олар берген мәліметтер негізінде аумағында карантинге жатқызылған өнім партиясы қалыптастырылған мүше мемлекеттің уәкілетті органында электрондық түрде ресімделген фитосанитарлық сертификаттың берілгенін растайды және бұл ретте карантинге жатқызылатын өнімнің осы партиясының карантиндік фитосанитариялық жағдайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілмейді, фитосанитариялық сертификат қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде (импорттаушы елдің уәкілетті органымен ресімделген уағдаластықтарға қарай) ресімделеді.";

      н) мынадай мазмұндағы № 11 қосымшасымен толықтырылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік шекарасында
карантиндік фитосанитариялық
бақылауды (қадағалауды) жүзеге
асыру тәртібі туралы ережеге
№ 11ҚОСЫМША

Фитосанитариялық сертификат және (немесе) көліктік (тасымалдау) құжат электрондық түрде ұсынылған жағдайда ақпараттық жүйені пайдалану арқылы қойылатын белгілер ТІЗБЕСІ

      1. "Әкелуге рұқсат етілген, жеткізу орны бойынша карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатады" деген белгі.

      Егер карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша карантинге жатқызылған өнімді әкелуге рұқсат беру туралы шешім қабылданса, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде қойылады.

      2. "Әкелуге тыйым салынады" деген белгі.

      Егер карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданса, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде қойылады.

      3. "Транзитке рұқсат етілген" деген белгі.

      Егер карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша карантинге жатқызылған өнімді тасымалдап-өткізуге рұқсат беру туралы шешім қабылданса, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде қойылады.

      4. "Транзитке тыйым салынады" деген белгі.

      Егер карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша Одақтың кедендік аумағы арқылы карантинге жатқызылған өнімді өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданса, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде қойылады

      5. "Сату құқығынсыз шығаруға рұқсат етілген" деген белгі.

      Жүктің межелі орны бойынша карантиндік фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қажет болған жағдайда, карантинге жатқызылған өнімді кедендік ресімдеу аяқталған жерлерде қойылады.

      6. "Шығаруға рұқсат етілген" деген белгі.

      Карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келген жағдайда, оны кедендік ресімдеу аяқталған жерлерде (жеткізу орындарында) қойылады.

      7. "Шығаруға тыйым салынады" деген белгі.

      Карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, кедендік ресімдеу аяқталған жерлерде (жеткізу орындарында) қойылады.

      8. "Тиеп-түсіру орны бойынша карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатады" деген белгі.

      Тиеп-түсіру орны бойынша карантиндік фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу мақсатында Одақтың кедендік шекарасы арқылы өзендегі және теңіздегі өткізу пункттерінде карантинге жатқызылған өнімді түсіргенге дейін теңіз және өзен кемелерінің рейдінде қойылады.".

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеде:

      а) 3.2-тармақта:

      төртінші абзац "түпнұсқа" деген сөздің алдынан "қағаз жеткізгіште ресімделген" деген сөзбен толықтырылсын;

      төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) мақсаттары үшін электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификатты жөнелту орны мемлекетінің уәкілетті органы ақпараттық жүйені пайдалану арқылы береді.

      Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификатты межелі жердегі мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамы ақпараттық жүйені пайдалану арқылы өшіруге тиіс.";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттармен жөнелту орны мемлекетінің уәкілетті органы мен межелі орын мемлекетінің уәкілетті органы арасында алмасу Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, жүзеге асырылады.";

      б) 3.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.6. Құжаттамалық тексеру жүргізу мақсатында лауазымды тұлғаға мыналар:

      карантинге жатқызылған өнімнің әкелінетін партиясына коммерциялық және көліктік (тасымалдау) құжаттар (қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде);

      қағаз жеткізгіште ресімделген фитосанитариялық сертификат немесе жөнелту орны мемлекетінің уәкілетті органы берген электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттың нөмірі мен берілген күні туралы мәліметтер ұсынылуы тиіс.

      Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттың бар-жоғын ақпараттық жүйені пайдалану арқылы тексереді.";

      в) 3.9-тармақтың 4-тармақшасы "түпнұсқа" деген сөздің алдынан "қағаз жеткізгіште ресімделген" деген сөзбен толықтырылсын;

      г) 3.15-тармақтың 2-тармақшасының үшінші абзацы "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      д) 3.16-тармақтың бірінші абзацы "акті" деген сөзден кейін "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      е) 3.19-тармақта:

      1-тармақтағы "(қадағалау) актісін" деген сөздерден кейін "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын";

      2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырған уәкілетті органның лауазымды адамының:

      фитосанитариялық сертификат (ол болған кезде) және көліктік (тасымалдау) құжат қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – № 2 қосымшаға сәйкес фитосанитариялық сертификатқа (ол болған кезде) және көліктік (тасымалдау) құжатқа тиісті мөртабан;

      фитосанитариялық сертификат және (немесе) көліктік (тасымалдау) құжат электронды түрде ұсынылған жағдайда – № 3 қосымшаға сәйкес ақпараттық жүйені пайдалану арқылы белгілер қою.";

      ж) мынадай мазмұндағы 3.191-тармақпен толықтырылсын:

      "3.191. Фитосанитариялық сертификат және (немесе) көліктік (тасымалдау) құжат электрондық түрде ұсынылған жағдайда, карантиндік фитосанитариялық бақылаудың (қадағалаудың) нәтижелері туралы ақпарат құжаттар мен мәліметтерді ұсынған тұлғаға ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.";

      з) мынадай мазмұндағы № 3 қосымшамен толықтырылсын:

  ""Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік шекарасында
карантиндік фитосанитариялық
бақылауды (қадағалауды) жүзеге
асыру тәртібі туралы ережеге
№ 3 ҚОСЫМША

Фитосанитариялық сертификат және (немесе) көліктік (тасымалдау) құжат электрондық түрде ұсынылған жағдайда ақпараттық жүйені пайдалану арқылы қойылатын белгілер ТІЗБЕСІ

      1. "Шығаруға рұқсат етілген" белгісі.

      Карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келген жағдайда, межеленген жерлерде қойылады.

      2. "Шығаруға тыйым салынады" белгісі.

      Карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, межеленген жерлерде қойылады.".

О внесении изменений в Решение Комиссии Таможенного союза от 18 июня 2010 г. № 318

Решение Совета Евразийской экономической комиссии от 18 февраля 2022 года № 14.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.3

      В соответствии с пунктом 18 Протокола о применении санитарных, ветеринарно-санитарных и карантинных фитосанитарных мер (приложение № 12 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и пунктом 50 приложения № 1 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Совет Евразийской экономической комиссии решил:

      1. Внести в Решение Комиссии Таможенного союза от 18 июня 2010 г. № 318 "Об обеспечении карантина растений в Евразийском экономическом союзе" изменения согласно приложению.

      2. Установить, что по мере готовности информационных систем государств – членов Евразийского экономического союза для целей осуществления карантинного фитосанитарного контроля (надзора) на таможенной границе и на таможенной территории Союза допускается:

      использование документов (фитосанитарного сертификата, транспортных (перевозочных) документов, разрешения на ввоз карантинных объектов в научно-исследовательских целях, акта карантинного фитосанитарного контроля (надзора), предписания о возврате продукции, акта о проведении обеззараживания продукции, акта об уничтожении продукции), оформленных в электронном виде;

      оформление результатов осуществления карантинного фитосанитарного контроля (надзора) в электронном виде.

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 180 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации
М. Григорян И. Петришенко Б. Султанов А. Кожошев А. Оверчук


  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Совета
Евразийской экономической
комиссии
от 18 февраля 2022 года № 14

ИЗМЕНЕНИЯ,
вносимые в Решение Комиссии Таможенного союза от 18 июня 2010 г. № 318

      1. В Положении о порядке осуществления карантинного фитосанитарного контроля (надзора) на таможенной границе Евразийского экономического союза, утвержденном указанным Решением:

      а) пункт 3.1 дополнить абзацем следующего содержания:

      "Фитосанитарный сертификат, оформленный в электронном виде, для целей карантинного фитосанитарного контроля (надзора) предоставляется уполномоченным органом страны-экспортера (реэкспортера) посредством использования информационной системы.";

      б) абзац третий пункта 3.2 после слова "страны-экспортера" дополнить словами ", оформленный на бумажном носителе,";

      в) дополнить пунктом 3.31 следующего содержания:

      "3.31. Для целей осуществления карантинного фитосанитарного контроля (надзора) при ввозе на таможенную территорию Евразийского экономического союза подкарантинной продукции может использоваться предварительная информация, представленная в соответствии с Таможенным кодексом Евразийского экономического союза.";

      г) в пункте 3.10:

      подпункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1) проставления должностным лицом уполномоченного органа, осуществившего мероприятия по карантинному фитосанитарному контролю (надзору):

      соответствующего штампа на фитосанитарном сертификате (при его наличии) и транспортном (перевозочном) документе согласно приложению № 1 – в случае представления фитосанитарного сертификата (при его наличии) и транспортного (перевозочного) документа на бумажном носителе;

      отметок посредством использования информационной системы согласно приложению № 11 – в случае представления фитосанитарного сертификата и (или) транспортного (перевозочного) документа в электронном виде;";

      подпункт 2 после слова "(надзора)" дополнить словами "(на бумажном носителе или в электронном виде) по форме";

      д) дополнить пунктом 3.101 следующего содержания:

      "3.101. В случае представления фитосанитарного сертификата и (или) транспортного (перевозочного) документа в электронном виде информация о результатах карантинного фитосанитарного контроля (надзора) направляется другим контролирующим органам и лицу, представившему документы и сведения, посредством информационной системы.";

      е) в пункте 4.1.1:

      подпункт 1 дополнить словами "(на бумажном носителе или в электронном виде)";

      подпункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2) фитосанитарный сертификат, оформленный на бумажном носителе, на ввозимую партию подкарантинной продукции (с переводом при необходимости на государственный язык (государственные языки) государства-члена, должностному лицу уполномоченного органа которого он представляется) или сведения о номере, дате и стране выдачи фитосанитарного сертификата, оформленного в электронном виде, – в случае ввоза партии подкарантинной продукции высокого фитосанитарного риска, за исключением случаев ввоза древесных упаковочных и крепежных материалов (при наличии маркировки по одной из форм, предусмотренных едиными карантинными фитосанитарными требованиями, подтверждающей проведение обработки этих материалов прогреванием по всей толще древесины или фумигации), а также случаев, предусмотренных едиными карантинными фитосанитарными требованиями.

      Должностное лицо уполномоченного органа проверяет наличие фитосанитарного сертификата, оформленного в электронном виде, с использованием информационной системы.

      В случае если место завершения таможенного оформления партии подкарантинной продукции расположено в другом государстве-члене, должностное лицо уполномоченного органа, осуществляющего первичный карантинный фитосанитарный контроль (надзор), на основании сведений, указанных в абзаце первом настоящего подпункта, посредством взаимодействия информационных систем подтверждает наличие фитосанитарного сертификата, оформленного в электронном виде;";

      подпункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3) разрешение на ввоз карантинных объектов в научно-исследовательских целях, оформленное на бумажном носителе, или сведения о номере, дате выдачи и наименовании уполномоченного органа, выдавшего разрешение на ввоз карантинных объектов в научно-исследовательских целях, оформленное в электронном виде.

      Должностное лицо уполномоченного органа проверяет наличие разрешения, оформленного в электронном виде, на ввоз карантинных объектов в научно-исследовательских целях, с использованием информационной системы.";

      ж) подпункт 5 пункта 4.1.6 после слова "сертификат" дополнить словами ", оформленный на бумажном носителе,";

      з) абзац второй пункта 6.2 дополнить словами "(на бумажном носителе или в электронном виде)";

      и) абзац второй пункта 6.3 после слова "акт" дополнить словами "(на бумажном носителе или в электронном виде)";

      к) абзац второй пункта 6.4 дополнить словами "(на бумажном носителе или в электронном виде)";

      л) пункт 8.2 изложить в следующей редакции:

      "8.2. В случае если определяемый в соответствии с требованиями страны-импортера срок действия фитосанитарного сертификата, оформленного на бумажном носителе, на партию подкарантинной продукции, выданного в одном из государств-членов, на момент пересечения таможенной границы Евразийского экономического союза истек, уполномоченный орган государства-члена, на территории которого расположено место убытия, по заявлению собственника продукции, которое может быть оформлено в электронном виде, оформляет новый фитосанитарный сертификат на бумажном носителе на вывозимую партию подкарантинной продукции с приложением подлинника фитосанитарного сертификата с истекшим сроком действия, оформленного на бумажном носителе, без проведения мероприятий, направленных на установление карантинного фитосанитарного состояния данной партии подкарантинной продукции.";

      м) дополнить пунктом 8.21 следующего содержания:

      "8.21. В случае если определяемый в соответствии с требованиями страны-импортера срок действия фитосанитарного сертификата, оформленного в электронном виде, на партию подкарантинной продукции, выданного в одном из государств-членов, на момент пересечения таможенной границы Евразийского экономического союза истек, уполномоченный орган, на территории которого расположено место убытия, по заявлению собственника продукции и на основании представленных им сведений о дате и номере фитосанитарного сертификата, оформленного в электронном виде, подтверждает выдачу фитосанитарного сертификата, оформленного в электронном виде в уполномоченном органе государства-члена, на территории которого сформирована партия подкарантинной продукции, и без проведения мероприятий, направленных на установление карантинного фитосанитарного состояния данной партии подкарантинной продукции, оформляет фитосанитарный сертификат на бумажном носителе или в электронном виде (в зависимости от оформленных договоренностей с уполномоченным органом страны-импортера).";

      н) дополнить приложением № 11 следующего содержания:

  "ПРИЛОЖЕНИЕ № 11
к Положению о порядке
осуществления карантинного
фитосанитарного контроля
(надзора) на таможенной
границе Евразийского
экономического союза

ПЕРЕЧЕНЬ
отметок, проставляемых посредством использования информационной системы в случае представления фитосанитарного сертификата и (или) транспортного (перевозочного) документа в электронном виде

      1. Отметка "Ввоз разрешен, подлежит карантинному фитосанитарному контролю (надзору) по месту доставки".

      Проставляется в пунктах пропуска через таможенную границу Евразийского экономического союза (далее – Союз), если по результатам осуществления карантинного фитосанитарного контроля (надзора) принято решение о разрешении ввоза подкарантинной продукции.

      2. Отметка "Ввоз запрещен".

      Проставляется в пунктах пропуска через таможенную границу Союза, если по результатам осуществления карантинного фитосанитарного контроля (надзора) принято решение о запрете ввоза подкарантинной продукции.

      3. Отметка "Транзит разрешен".

      Проставляется в пунктах пропуска через таможенную границу Союза, если по результатам осуществления карантинного фитосанитарного контроля (надзора) принято решение о разрешении перемещения подкарантинной продукции.

      4. Отметка "Транзит запрещен".

      Проставляется в пунктах пропуска через таможенную границу Союза, если по результатам осуществления карантинного фитосанитарного контроля (надзора) принято решение о запрете пропуска подкарантинной продукции через таможенную территорию Союза.

      5. Отметка "Выпуск разрешен без права реализации".

      Проставляется в местах завершения таможенного оформления подкарантинной продукции в случае необходимости проведения карантинных фитосанитарных мероприятий по месту назначения груза.

      6. Отметка "Выпуск разрешен".

      Проставляется в местах завершения таможенного оформления (местах доставки) подкарантинной продукции в случае ее соответствия карантинным фитосанитарным требованиям.

      7. Отметка "Выпуск запрещен".

      Проставляется в местах завершения таможенного оформления (местах доставки) подкарантинной продукции в случае ее несоответствия карантинным фитосанитарным требованиям.

      8. Отметка "Подлежит карантинному фитосанитарному контролю (надзору) по месту выгрузки".

      Проставляется на рейде морских и речных судов до выгрузки подкарантинной продукции в речных и морских пунктах пропуска через таможенную границу Союза в целях проведения карантинных фитосанитарных мероприятий по месту ее выгрузки.".

      2. В Положении о порядке осуществления карантинного фитосанитарного контроля (надзора) на таможенной территории Евразийского экономического союза, утвержденном указанным Решением:

      а) в пункте 3.2:

      абзац четвертый после слова "оригинал" дополнить словами "оформленного на бумажном носителе";

      после абзаца четвертого дополнить абзацами следующего содержания:

      "Фитосанитарный сертификат, оформленный в электронном виде, для целей карантинного фитосанитарного контроля (надзора) предоставляется уполномоченным органом государства места отправления посредством использования информационной системы.

      В местах назначения подкарантинной продукции высокого фитосанитарного риска фитосанитарный сертификат, оформленный в электронном виде, подлежит гашению должностным лицом уполномоченного органа государства места назначения посредством использования информационной системы.";

      абзац пятый изложить в следующей редакции:

      "Обмен фитосанитарными сертификатами, оформленными в электронном виде, между уполномоченным органом государства места отправления и уполномоченным органом государства места назначения осуществляется с использованием интегрированной информационной системы Евразийского экономического союза.";

      б) пункт 3.6 изложить в следующей редакции:

      "3.6. В целях проведения документарной проверки должностному лицу должны быть представлены:

      коммерческие и транспортные (перевозочные) документы на ввозимую партию подкарантинной продукции (на бумажном носителе или в электроном виде);

      фитосанитарный сертификат, оформленный на бумажном носителе, или сведения о номере и дате выдачи фитосанитарного сертификата, оформленного в электронном виде, выданного уполномоченным органом государства места отправления.

      Должностное лицо уполномоченного органа проверяет наличие фитосанитарного сертификата, оформленного в электронном виде, посредством использования информационной системы.";

      в) подпункт 4 пункта 3.9 после слова "сертификат" дополнить словами ", оформленный на бумажном носителе,";

      г) абзац третий подпункта 2 пункта 3.15 дополнить словами "(на бумажном носителе или в электроном виде)";

      д) абзац первый пункта 3.16 дополнить словами "(на бумажном носителе или в электроном виде)";

      е) в пункте 3.19:

      подпункт 1 после слов "надзора" дополнить словами "(на бумажном носителе или в электроном виде)";

      подпункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2) проставления должностным лицом уполномоченного органа, осуществившего мероприятия по карантинному фитосанитарному контролю (надзору):

      соответствующего штампа на фитосанитарном сертификате (при его наличии) и транспортном (перевозочном) документе согласно приложению № 2 – в случае представления фитосанитарного сертификата (при его наличии) и транспортного (перевозочного) документа на бумажном носителе;

      отметок посредством использования информационной системы согласно приложению № 3 – в случае представления фитосанитарного сертификата и (или) транспортного (перевозочного) документа в электронном виде.";

      ж) дополнить пунктом 3.191 следующего содержания:

      "3.191. В случае представления фитосанитарного сертификата и (или) транспортного (перевозочного) документа в электронном виде информация о результатах карантинного фитосанитарного контроля (надзора) направляется лицу, представившему документы и сведения, посредством информационной системы.";

      з) дополнить приложением № 3 следующего содержания:

  "ПРИЛОЖЕНИЕ № 3
к Положению о порядке
осуществления карантинного
фитосанитарного контроля
(надзора) на таможенной
территории Евразийского
экономического союза

ПЕРЕЧЕНЬ
отметок, проставляемых посредством использования информационной системы в случае представления фитосанитарного сертификата и (или) транспортного (перевозочного) документа в электронном виде

      1. Отметка "Выпуск разрешен".

      Проставляется в местах назначения подкарантинной продукции в случае ее соответствия карантинным фитосанитарным требованиям.

      2. Отметка "Выпуск запрещен".

      Проставляется в местах назначения подкарантинной продукции в случае ее несоответствия карантинным фитосанитарным требованиям.".