Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 12-қосымша) 18-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 50-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. "Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 Шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерінің дайындығына қарай Одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру мақсаттары үшін:
электрондық түрде ресімделген құжаттарды (фитосанитариялық сертификатты, көліктік (тасымалдау) құжаттарды, карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге арналған рұқсатты, карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) актісін, өнімді қайтару туралы ұйғарымды, өнімге залалсыздандыру жүргізу туралы актіні, өнімді жою туралы актіні) пайдалануға;
карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелерін электрондық түрде ресімдеуге рұқсат етіледі деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Б. Сұлтанов | А. Кожошев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 14 Шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден Одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №318 Шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Көрсетілген шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеде:
а) 3.1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификатты карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) мақсаттары үшін ақпараттық жүйені пайдалану арқылы экспорттаушы (кері экспорттаушы) елдің уәкілетті органы береді.";
б) 3.2-тармақтың үшінші абзацы "экспорттаушы елдің" деген сөзден кейін "қағаз жеткізгіште ресімделген" деген сөздермен толықтырылсын";
в) мынадай мазмұндағы 3.31-тармақпен толықтырылсын:
"3.31. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес ұсынылған алдын ала ақпарат пайдаланылуы мүмкін.";
г) 3.10-тармақта:
1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырған уәкілетті органның лауазымды адамының:
фитосанитариялық сертификат (ол болған кезде) және көліктік (тасымалдау) құжат қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – № 1 қосымшаға сәйкес фитосанитариялық сертификатқа (ол болған кезде) және көліктік (тасымалдау) құжатқа тиісті мөртабан;
фитосанитариялық сертификат және (немесе) көліктік (тасымалдау) құжат электронды түрде ұсынылған жағдайда – № 11 қосымшаға сәйкес ақпараттық жүйені пайдалану арқылы белгілер қою;";
2-тармақша "(қадағалау) актісін" деген сөздерден кейін "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде) нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
д) мынадай мазмұндағы 3.101 -тармақпен толықтырылсын:
"3.101. Фитосанитариялық сертификат және (немесе) көліктік (тасымалдау) құжат электрондық түрде ұсынылған жағдайда, карантиндік фитосанитариялық бақылаудың (қадағалаудың) нәтижелері туралы ақпарат басқа бақылаушы органдарға және құжаттар мен мәліметтерді ұсынған тұлғаға ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.";
е) 4.1.1-тармақта:
1-тармақ "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2) карантинге жатқызылған өнімнің әкелінетін партиясына қағаз жеткізгіште ресімделген фитосанитариялық сертификат (қажет болған кезде ол уәкілетті органның лауазымды адамына берілетін мүше мемлекеттің мемлекеттік тіліне (мемлекеттік тілдеріне) аудара отырып) немесе сүректі буып-түю және бекіту материалдарын әкелу жағдайларын (бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарда көзделген, осы материалдарға өңдеу жүргізуді сүректің бүкіл қалыңдығы бойынша жылыту немесе фумигациялау жүргізілгенін растайтын нысандардың бірі бойынша таңбалау болған кезде), сондай-ақ бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарда көзделген жағдайларды қоспағанда, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім партиясын әкелген жағдайда – электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттың нөмірі, күні және берілген елі туралы мәліметтер.
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы ақпараттық жүйені пайдалана отырып, электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттың бар-жоғын тексереді.
Егер карантинге жатқызылған өнім партиясын кедендік ресімдеуді аяқтау орны басқа мүше мемлекетте орналасқан жағдайда, бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамы осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген мәліметтер негізінде ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы арқылы электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттың бар-жоғын растайды;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді әкелуге қағаз жеткізгіште ресімделген рұқсаттың немесе карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге электрондық түрде ресімделген рұқсаттың нөмірі, берілген күні және оны берген уәкілетті органның атауы туралы мәліметтер.
Уәкілетті органның лауазымды адамы ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді әкелуге электрондық түрде ресімделген рұқсаттың болуын ақпараттық жүйені пайдалана отырып, тексереді.";
ж) "фитосанитариялық сертификаттың" деген сөздің алды "қағаз жеткізгіште ресімделген" деген сөздермен толықтырылсын";
з) 6.2-тармақтың екінші абзацы "ұйғарым" деген сөзден кейін "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын;
и) 6.3-тармақтың екінші абзацы "акті" деген сөзден кейін "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын;
к) 6.4-тармағының акінші абзацы "акті" деген сөзден кейін "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын;
л) 8.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8.2. Егер мүше мемлекеттің бірі карантинге жатқызылған өнімнің партиясына берген, қағаз жеткізгіште ресімделген фитосанитариялық сертификаттың импорттаушы елдің талаптарына сәйкес айқындалған қолдану мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан кесіп өткен кезде аяқталған жағдайда, аумағында бару орны орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы электронды түрде ресімделуі мүмкін өнімнің меншік иесінің өтініші бойынша карантинге жатқызылатын өнімнің әкетілетін партиясына қағаз жеткізгіштегі жаңа электрондық сертификатты ресімдейді, бұл ретте қағаз жеткізгіште ресімделген, қолдану мерзімі өтіп кеткен фитосанитариялық сертифкаттың түпнұсқасы қоса беріледі және карантинге жатқызылатын өнімнің осы партиясының карантиндік фитосанитариялық жағдайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілмейді.";
м) мынадай мазмұндағы 8.21-тармағымен толықтырылсын:
"8.21. Егер мүше мемлекеттің бірі карантинге жатқызылған өнімнің партиясына берген, электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертифкаттың импорттаушы елдің талаптарына сәйкес айқындалған қолдану мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан кесіп өткен кезде аяқталған жағдайда, аумағында бару орны орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы өнімнің меншік иесінің өтініші бойынша және электронды түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттың күні мен нөмірі туралы олар берген мәліметтер негізінде аумағында карантинге жатқызылған өнім партиясы қалыптастырылған мүше мемлекеттің уәкілетті органында электрондық түрде ресімделген фитосанитарлық сертификаттың берілгенін растайды және бұл ретте карантинге жатқызылатын өнімнің осы партиясының карантиндік фитосанитариялық жағдайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілмейді, фитосанитариялық сертификат қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде (импорттаушы елдің уәкілетті органымен ресімделген уағдаластықтарға қарай) ресімделеді.";
н) мынадай мазмұндағы № 11 қосымшасымен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге № 11ҚОСЫМША |
Фитосанитариялық сертификат және (немесе) көліктік (тасымалдау) құжат электрондық түрде ұсынылған жағдайда ақпараттық жүйені пайдалану арқылы қойылатын белгілер ТІЗБЕСІ
1. "Әкелуге рұқсат етілген, жеткізу орны бойынша карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатады" деген белгі.
Егер карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша карантинге жатқызылған өнімді әкелуге рұқсат беру туралы шешім қабылданса, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде қойылады.
2. "Әкелуге тыйым салынады" деген белгі.
Егер карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданса, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде қойылады.
3. "Транзитке рұқсат етілген" деген белгі.
Егер карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша карантинге жатқызылған өнімді тасымалдап-өткізуге рұқсат беру туралы шешім қабылданса, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде қойылады.
4. "Транзитке тыйым салынады" деген белгі.
Егер карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша Одақтың кедендік аумағы арқылы карантинге жатқызылған өнімді өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданса, Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде қойылады
5. "Сату құқығынсыз шығаруға рұқсат етілген" деген белгі.
Жүктің межелі орны бойынша карантиндік фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қажет болған жағдайда, карантинге жатқызылған өнімді кедендік ресімдеу аяқталған жерлерде қойылады.
6. "Шығаруға рұқсат етілген" деген белгі.
Карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келген жағдайда, оны кедендік ресімдеу аяқталған жерлерде (жеткізу орындарында) қойылады.
7. "Шығаруға тыйым салынады" деген белгі.
Карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, кедендік ресімдеу аяқталған жерлерде (жеткізу орындарында) қойылады.
8. "Тиеп-түсіру орны бойынша карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатады" деген белгі.
Тиеп-түсіру орны бойынша карантиндік фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу мақсатында Одақтың кедендік шекарасы арқылы өзендегі және теңіздегі өткізу пункттерінде карантинге жатқызылған өнімді түсіргенге дейін теңіз және өзен кемелерінің рейдінде қойылады.".
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеде:
а) 3.2-тармақта:
төртінші абзац "түпнұсқа" деген сөздің алдынан "қағаз жеткізгіште ресімделген" деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) мақсаттары үшін электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификатты жөнелту орны мемлекетінің уәкілетті органы ақпараттық жүйені пайдалану арқылы береді.
Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификатты межелі жердегі мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамы ақпараттық жүйені пайдалану арқылы өшіруге тиіс.";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттармен жөнелту орны мемлекетінің уәкілетті органы мен межелі орын мемлекетінің уәкілетті органы арасында алмасу Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, жүзеге асырылады.";
б) 3.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.6. Құжаттамалық тексеру жүргізу мақсатында лауазымды тұлғаға мыналар:
карантинге жатқызылған өнімнің әкелінетін партиясына коммерциялық және көліктік (тасымалдау) құжаттар (қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде);
қағаз жеткізгіште ресімделген фитосанитариялық сертификат немесе жөнелту орны мемлекетінің уәкілетті органы берген электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттың нөмірі мен берілген күні туралы мәліметтер ұсынылуы тиіс.
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификаттың бар-жоғын ақпараттық жүйені пайдалану арқылы тексереді.";
в) 3.9-тармақтың 4-тармақшасы "түпнұсқа" деген сөздің алдынан "қағаз жеткізгіште ресімделген" деген сөзбен толықтырылсын;
г) 3.15-тармақтың 2-тармақшасының үшінші абзацы "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын;
д) 3.16-тармақтың бірінші абзацы "акті" деген сөзден кейін "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын;
е) 3.19-тармақта:
1-тармақтағы "(қадағалау) актісін" деген сөздерден кейін "(қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде)" деген сөздермен толықтырылсын";
2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырған уәкілетті органның лауазымды адамының:
фитосанитариялық сертификат (ол болған кезде) және көліктік (тасымалдау) құжат қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – № 2 қосымшаға сәйкес фитосанитариялық сертификатқа (ол болған кезде) және көліктік (тасымалдау) құжатқа тиісті мөртабан;
фитосанитариялық сертификат және (немесе) көліктік (тасымалдау) құжат электронды түрде ұсынылған жағдайда – № 3 қосымшаға сәйкес ақпараттық жүйені пайдалану арқылы белгілер қою.";
ж) мынадай мазмұндағы 3.191-тармақпен толықтырылсын:
"3.191. Фитосанитариялық сертификат және (немесе) көліктік (тасымалдау) құжат электрондық түрде ұсынылған жағдайда, карантиндік фитосанитариялық бақылаудың (қадағалаудың) нәтижелері туралы ақпарат құжаттар мен мәліметтерді ұсынған тұлғаға ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.";
з) мынадай мазмұндағы № 3 қосымшамен толықтырылсын:
""Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге № 3 ҚОСЫМША |
Фитосанитариялық сертификат және (немесе) көліктік (тасымалдау) құжат электрондық түрде ұсынылған жағдайда ақпараттық жүйені пайдалану арқылы қойылатын белгілер ТІЗБЕСІ
1. "Шығаруға рұқсат етілген" белгісі.
Карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келген жағдайда, межеленген жерлерде қойылады.
2. "Шығаруға тыйым салынады" белгісі.
Карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, межеленген жерлерде қойылады.".