Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберінде жобаларды іске асыру механизмдеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі "ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі ұлттық сервистерінің ақпараттық-коммуникациялық "көрме-сөресін" құру" жобасын іске асыру туралы" № 87 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Б.Сұлтанов | А. Кожошев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 16 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 87 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2022 жылы жобаны қаржыландыру Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыруға арналған шығыстар шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құруға, жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және дамытуға көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген "ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі ұлттық сервистерінің ақпараттық-коммуникациялық "көрме-сөресін" құру" жобасының паспортында екінші графаның 10-тармағында:
1) бірінші абзацта:
"Одақтың" деген сөздің алдынан "2022 жылға арналған" деген сөзбен толықтырылсын;
"рубль, соның ішінде:" деген сөздер "рубль" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын.
3. Көрсетілген Шешіммен бекітілген "ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі ұлттық сервистерінің ақпараттық-коммуникациялық "көрме-сөресін" құру" жобасын іске асыру жөніндегі жоғары деңгейлі жоспарда ("жол картасы") кестенің төртінші графасында:
1) 1-тармақтағы "10.2021" деген цифрлар "2021 жылғы желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы "10.2021" деген цифрлар "2022 жылғы қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3)31-тармақтағы "10.2021" деген цифрлар "2021 жылғы желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-тармақтағы "11.2021" деген цифрлар "2022 жылғы мамыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-тармақтағы "І тоқсаннан бастап" деген сөздер "ІІ тоқсаннан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 6-тармақтағы "05.2022" деген цифрлар "2022 жылғы шілде" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 7-тармақтағы "12.2021" деген цифрлар "2022 жылғы мамыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 8 - 10-тармақтардағы "03.2022" деген цифрлар "2022 жылғы мамыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 13-тармақта, 13.1 – 13.7 тармақшаларда және 14-тармақта "08.2022" деген цифрлар "2022 жылғы қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 15-тармақтағы "10.2022" деген цифрлар "2022 жылғы қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 15.1 және 15.2-тармақшалардағы "06.2022" деген цифрлар "2022 жылғы қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 15.3-тармақшадағы "07.2022" деген цифрлар "2022 жылғы қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 15.4-тармақшадағы "08.2022" деген цифрлар "2022 жылғы қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 15.5 және 15.6-тармақшалардағы "09.2022" деген цифрлар "2022 жылғы қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 15.7 - 15.10-тармақшалардағы "10.2022" деген цифрлар "2022 жылғы қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 16 және 17-тармақтардағы "10.2022" деген цифрлар "2022 жылғы қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 18 және 19-тармақтардағы "10.2022" деген цифрлар "2022 жылғы желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.