Іштен жану қозғалтқыштарының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 44 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8408 20 990 4 кодымен сыныпталатын іштен жану қозғалтқыштарының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8408 20 990 4 коды бар позиция төртінші графада "54С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 54С ескертпесімен толықтырылсын:

      "54С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 44 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022.31.12. дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

В. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук


Об установлении ставки ввозной таможенной пошлины Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза в отношении отдельных видов двигателей внутреннего сгорания

Решение Совета Евразийской экономической комиссии от 18 февраля 2022 года № 44.

      В соответствии со статьями 42 и 45 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, пунктом 16 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и пунктом 4 приложения № 1 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Совет Евразийской экономической комиссии решил:

      1. Установить ставку ввозной таможенной пошлины Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза, утвержденного Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, в отношении отдельных видов двигателей внутреннего сгорания, классифицируемых кодом 8408 20 990 4 ТН ВЭД ЕАЭС, в размере 0 процентов от таможенной стоимости с даты вступления в силу настоящего Решения по 31 декабря 2022 г. включительно.

      2. Внести в Единый таможенный тариф Евразийского экономического союза, утвержденный Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, следующие изменения:

      а) позицию с кодом 8408 20 990 4 ТН ВЭД ЕАЭС в графе четвертой дополнить ссылкой на примечание "54С)";

      б) примечания к Единому таможенному тарифу Евразийского экономического союза дополнить примечанием 54С следующего содержания:

      "54С) Ставка ввозной таможенной пошлины в размере 0 (ноль) % от таможенной стоимости применяется с даты вступления в силу Решения Совета Евразийской экономической комиссии от 18 февраля 2022 г. № 44 по 31.12.2022 включительно.".

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации
М. Григорян И. Петришенко Б. Султанов А. Кожошев А. Оверчук