2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Кеден одағы комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.51 –7.1.54-тармақшалармен толықтырылсын:
"7.1.51. ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 53 300 0 кодымен сыныпталатын қызылша пәлегін кесетін машиналарға және қызылша жинайтын машиналарға арналған бөлшектер мен құрауыштар:
ЕАЭО СЭҚ ТН 4010 32 000 0 кодымен сыныпталатын, сыртқы шеңберінің ұзындығы 60 см астам, бірақ 180 см аспайтын, трапециялық көлденең қимасының шексіз жетекті белдіктері (сыналы белдіктер), қырлыларынан басқа;
ЕАЭО СЭҚ ТН 6813 20 000 9 кодымен сыныпталатын фрикциялық материалдардың және олардан жасалған бұйымдардың жекелеген түрлері;
ЕАЭО СЭҚ ТН 8536 10 100 0 кодымен сыныпталатын 10 А аспайтын ток күшіне арналған балқымалы сақтандырғыштар;
ЕАЭО СЭҚ ТН 8536 70 000 2 және 8536 70 000 3 кодтарымен сыныпталатын қыштан немесе қара металдардан жасалған оптикалық талшықтарға, талшықты-оптикалық бұрауларға немесе кәбілдерге арналған жалғастырғыштар;
ЕАЭО СЭҚ ТН 8539 21 920 0 және 8539 21 980 0 кодтарымен сыныпталатын вольфрам жіптері бар галогендік қыздыру шамдарының жекелеген түрлері.
Көрсетілген тарифтік жеңілдік әкелінетін тауарларды осы тармақта көрсетілген тауарларға жатқызу туралы және осындай тауарлардың номенклатурасы, саны, құны туралы, сондай-ақ оларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын мүше мемлекеттің ауыл шаруашылығы саясаты саласындағы атқарушы билік органы немесе мүше мемлекеттің атқарушы билігінің өзге де уәкілетті органы берген растау болған кезде беріледі.
Осы тармақта көзделген тарифтік жеңілдік оларға қатысты тауарларға арналған декларация, ал тауарлар тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарылған жағдайда – тауарларды шығару туралы өтініш тауарларға арналған декларация берілгенге дейін мүше мемлекеттің кеден органы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 маусымдағы №101 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін тіркеген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналасқан) тауарларға қатысты беріледі.
7.1.52. ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 53 300 0 кодымен сыныпталатын қызылша пәлегін кесетін машиналарға және қызылша жинайтын машиналарға арналған бөлшектер мен құрауыштар:
ЕАЭО СЭҚ ТН 8408 90 410 9 кодымен сыныпталатын қысымнан тұтанатын поршеньді іштен жану қозғалтқыштарының жекелеген түрлері;
ЕАЭО СЭҚ ТН 8414 30 810 6 және 8414 30 890 2 кодтарымен сыныпталатын тоңазытқыш жабдықтарында пайдаланылатын компрессорлардың жекелеген түрлері;
ЕАЭО СЭҚ ТН 8418 99 100 1 кодымен сыныпталатын қырлы құбыр үлгісіндегі конденсаторлар;
ЕАЭО СЭҚ ТН 8527 29 000 9, 8708 40 910 9 және 8708 99 930 9 кодтарымен сыныпталатын моторлы көлік құралдарына арналған бөлшектер мен керек-жарақтардың жекелеген түрлері.
Көрсетілген тарифтік жеңілдік әкелінетін тауарларды осы тармақта көрсетілген тауарларға жатқызу туралы және осындай тауарлардың номенклатурасы, саны, құны туралы, сондай-ақ оларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын мүше мемлекеттің ауыл шаруашылығы саясаты саласындағы атқарушы билік органы немесе мүше мемлекеттің атқарушы билігінің өзге де уәкілетті органы берген растау болған кезде беріледі.
Осы тармақта көзделген тарифтік жеңілдік оларға қатысты тауарларға арналған декларация, ал тауарлар тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарылған жағдайда – тауарларды шығару туралы өтініш тауарларға арналған декларация берілгенге дейін мүше мемлекеттің кеден органы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 маусымдағы №101 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 30 маусымға дейін тіркеген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналасқан) тауарларға қатысты беріледі.
7.1.53. Ауыл шаруашылығы жабдығына арналған бөлшектер мен құрауыштар:
ЕАЭО СЭҚ ТН 6812 99 900 8 кодымен сыныпталатын, арматураланған немесе арматураланбаған асбест немесе асбест пен магний карбонаты негізіндегі қоспалардан жасалған бұйымдар;
ЕАЭО СЭҚ ТН 7011 10 000 0 кодымен сыныпталатын электрлік жарықтандыру жабдығына арналған шыны баллондардың жекелеген түрлері (колбалар мен түтікшелерді қоса алғанда);
ЕАЭО СЭҚ ТН 7315 81 000 0 кодымен сыныпталатын кергіші бар жалпақ буынды шынжырлар;
ЕАЭО СЭҚ ТН 7320 10 190 0 және 7320 10 900 0 кодтарымен сыныпталатын табақты рессорлардың және оларға арналған табақтардың жекелеген түрлері;
ЕАЭО СЭҚ ТН 7320 90 100 0 кодымен сыныпталатын жалпақ спиральді серіппелер;
ЕАЭО СЭҚ ТН 9405 42 001 2 кодымен сыныпталатын қатты баспа платада жарықдиодты жарық көздерімен пайдалануға арналған прожекторлар мен тар бағытты жарық шамдары.
Көрсетілген тарифтік жеңілдік әкелінетін тауарларды осы тармақта көрсетілген тауарларға жатқызу туралы және осындай тауарлардың номенклатурасы, саны, құны туралы, сондай-ақ оларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын мүше мемлекеттің ауыл шаруашылығы саясаты саласындағы атқарушы билік органы немесе мүше мемлекеттің атқарушы билігінің өзге де уәкілетті органы берген растау болған кезде беріледі.
Осы тармақта көзделген тарифтік жеңілдік оларға қатысты тауарларға арналған декларация, ал тауарлар тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарылған жағдайда – тауарларды шығару туралы өтініш тауарларға арналған декларация берілгенге дейін мүше мемлекеттің кеден органы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 маусымдағы №101 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін тіркеген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналасқан) тауарларға қатысты беріледі.
7.1.54. ЕАЭО СЭҚ ТН 8418 69 000 8 кодымен сыныпталатын, ұзындығы 20-дан 40 футқа дейінгі рефрижераторлық контейнерлер.
Осы тармақта көзделген тарифтік жеңілдік оларға қатысты тауарларға арналған декларация, ал тауарлар тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарылған жағдайда – тауарларды шығару туралы өтініш тауарларға арналған декларация берілгенге дейін мүше мемлекеттің кеден органы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 маусымдағы №101 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2024 жылғы 30 маусымға дейін тіркеген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналасқан) тауарларға қатысты беріледі.".
2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағындағы "7.1.50" деген цифрлар "7.1.50 – 7.1.54" деген цифрлармен ауыстырылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
В. Григорян | И. Петришенко | Б. Сұлтанов | А. Касымалиев | А. Оверчук |